"Алдаспан" тобы ұлыбританиялық режиссерді тәнті етті

"Алдаспан" тобы ұлыбританиялық режиссерді тәнті етті

Қазақстанға іс-сапармен келген режиссер өзінің ерекше жобасы шарасында "Алдаспан" тобының өнерімен танысты.

Театр қойылымымен айналысатын ұлыбританиялық режисер – Тим Саппл бұрынғы Кеңес елдерін аралап, әр елдің мәдениеті мен ұлттық өнеріне қатысты ақпарат жинап, нәтижесінде үлкен қойылым қоюды жоспарлап жүр. Ол театр, музыка, әдебиет, көркем өнерге қатысты барынша мол мағұлмат жинап, халықтың дәстүрлі мәдениеті мен оның қазіргі замандағы жағдайына зерттеуге үлкен мән беріп отыр.

Тим Саппл өзінің Еуропа, Солтүстік және Шығыс Америка, Аустралия, Үндістан, Солтүстік Африка мен Таяу және Алыс Шығыстағы театралды қойылымдарымен танымал. Ол Янг-Вик, Лондон Ұлттық театрларында жұмыс атқарып келеді. Мамандар бұл кісіні "британ театрының бас сарапшысы" деп атайды.

"Мен ТМД, яғни бұрыңғы Кеңес елдерін аралап, олардың мәдениетін толықтай ашатын үлкен қойылым жасағым келеді. Түркі тілдес халықтардың этно-мәдениеті толықтай зерттелмегендіктен, ол мен үшін де, әлем бойынша мәдениет ғалымдары үшін де үлкен жаңалық болып табылады. Осы "Алдаспан" сынды топтарды тыңдау арқылы елдің мәдениетін түсінгім келеді. Бұл жігіттер дайын, дәстүрлі музыканы ғана емес, соның жаңаша, өзгертілген, заманға сай салынған көрінісін ұсынып отыр. Осы сияқты этно музыканың әр түрін тыңдай келе қойылымға өзіме қажет ақпарат жинап жүрмін," – дейді режисер.

Тим Саппл ауқымды "The Spirit of Tengri" фестивалімен танысып үлгеріп, оның ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосатынын айтып отыр.

Режисер "Алдаспан" тобының әндерін тыңдап, оларға жоғары баға берді. Сонымен қатар, топ орындаушылары қазақтың дәстүрлі шертпе, төкпе күйлерін ойнап, қазаққа тән дәстүрлі жыр, күй жайлы айтып берді.

Режиссер өз қойылымына "Алдаспан" тобының мүшелерін шақырып қалуы да мүмкін.

Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN