PSY жаңа рекорд орнатты

PSY жаңа рекорд орнатты

Кәріс рэпері PSY жаңа рекорд орнатты. 

Әншінің клиптері YouTube бетінде 3 миллиард рет көріліп отыр. Дәл осы көрсеткішпен тағы екі әнші аталады: Рианна мен Джастин Бибер. Алайда, аталған жандардың бір бастарында он клиптен телеарналарда беріліп жатса, сол аралықты кәріс азаматы бірді-екілі бейнебаянмен ғана танымал болды.  

Сонымен, әнші «Gangnam Style» (1 миллиард 700 миллион) мен «Gentleman» (473 миллион) роликтері арқылы үлкен көрілімге қол жеткізген. 

Айта кететін болсақ, жаңа үлгіде түсірілген клип 2012 жылдың 15 маусымында хостингте пайда болған еді.

Дэн Барретт, Гиннестің рекордтар кітабының менеджері: 

ұрын-соңды мұндайды көргеніңіз бар ма? Бұдан бірнеше жыл бұрын YouTube-тағы бейнебаян миллионға жуық көрсеткішке ие болады деп ешкім ойламаса керек-ті. Ал "Gangnam Style" клипі осы көрсеткішті үш-ақ айдың ішінде екі есе өсіріп тіркетіп отыр..."

сурет:psygentleman.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига