Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Коронавирус кезеңінің шебері атанған суретші

Коронавирус кезеңінің шебері атанған суретші

Коронавирус кезеңінің шебері атанған суретші

Атақты The Guardian басылымында өнер туралы жаңа мақала шықты. Оның авторы Эдвард Джонс "Пандемия суретші Эдвард Хоппердің туындыларының мәнін ашты" деп жазды.

Оның шөл даладай жансыз қала пейзаждары мен жалғыздыққа қамалған кейіпкерлері дәл қазіргі уақыттың сипаттамасын беретіндей. Қазір бүкіл әлем Хоппер картиналарының ішінде өмір сүріп жатқандай.

Желі қолданушылары суретші шығармашылығы туралы "Жабық кинотеатрдағы мұңды әйел, заманауи безендірілген пәтеріне қамалған жас жігіт, асханада бір-бірінен тым алшақ отырған адамдар... Мұның бәрі адамзаттың өз-өзіне деген аяныш сезімін оятпауы мүмкін емес", – дегенге саятын ойлармен бөлісуде.

Мақала авторы "Карантин кезеңі аяқталса да, оның салдары әлі ұзақ сақталады", – деген қорытындыға келеді. Covid-19 адам сенгісіз әлеуметтік мәселелер бастамасы болуы әбден мүмкін. Жанына жақын адамдардар арасында жоғалған байланыс қайта қалпына келеді дегенге сену оңай емес. Қалай болғанда да, Хоппер шығармашылығы бізге соны айтады.

Біз жалғыздықты еркіндігімізді сақтау үшін таңдаушы едік. Енді бұл біздің таңдауымыз болудан қалды. Хоппер туындыларын қарай отырып "Заманауи өмірдегі еркіндік баламасына айналған жалғыздық жоғалғанда бізге не қалады?!.." деген ойға қаласың...

0
Рейтинг: +0

Фото: buro247.ua
Қосылған күні: 29 наурыз, 09:56

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->