Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Ағашқа жан бітірген суретші

Ағашқа жан бітірген суретші

Ағашқа жан бітірген суретші

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында он-ақ сағат саяхат жасау бұйырды. Гид ұсынған тізімнің ішінде суретші Әли Шамсидің шеберханасына көзіміз түсті. Бұл әр турист соқпай кетпейтін көрнекі орынға айналған шеберхана екен. Оның іші де, сырты да, есік алдында өсіп тұрған үйеңкі ағашы да құдды өнер туындысындай.

Алты жастан бастап сурет салған Әли Шамсидің қызығушылығына ата-анасы қарсы болған. "Сені асырайтын жұмыс істе, бұл саған табыс әкелмейді", - деген екен. Ал Әли жүрек қалауын тыңдап, бейнелеу өнерін тастамаған.

Оның шеберханасына келген әлемге әйгілі тұлғалар көп екен. Далай Ламаның табаны тиген бұл орынды өзі тыныштық ортасы деп біледі. Расымен, шеберханаға дейін жылап келген кішкентай Мағжан, кірген бойда жасы сап тыйылып, әйел, көз, анар, мұхит бейнеленген суреттерге таңырқай қарады.

"Осы жасқа дейін әлем, әйел мен ер құпиясын, Әзірбайжан символы анардың қасиетін суретпен бейнелеп келемін. Қазір ақпарат легі өте көп. Біз өскен дәуірде әр мәліметтің дәмін көріп, иісін сезе алатын едік. Бір естіген әңгімемізді бір апта қорытып жүретінбіз. Ал бүгінгі ұрпақ ақпарат теңізіне тап болды. Бір уақытта біршама жаңалықты ести аласың. Мүмкіндік көп. Сол мүмкіндікті дер кезінде қолданып қалмасаң, бітті, басқаның еншісінде кетеді. Сіздер бақыттысыздар! Маған жастардың қазір не ойлайтыны, нені қиялдайтыны қызық. Әрқашан жастармен жүргім келеді. Бірақ оларды қуып жету мүмкін емес екен. Жай ғана сыртынан бақылап, солар жасаған әлемді бейнелеуге тырысамын.

Суретшілер үнемі мұхит айдынында жүзіп жүреді. Бір күні қатты дауыл тұрған кезде әлсіздері, өз талантына сенімсіздері апатқа ұшырап, жағаға шығып қалады. Ал нағыз талант ағысқа қарсы жүзеді. Мен де жағаға шығып қалғым келмейді, сол үшін әлі күнге дейін дауылмен, ағыспен күресіп келемін.

"Жасы келген" суретші деген болмайды, оның ақтық демі шыққанда ғана жасы келеді. Шынайы суретшіні о дүниелік болғанда ғана "Ұлы" деп есептейді. Оған дейін көбі елемеуі мүмкін.

Муза. Муза мен үшін жоқ секілді. Көбі музаны бір форма деп ойлайды. Ал маған масштаб қызығырақ, сфера болып елестейді. Бәрінен бұрын бізді неге жаратты, кім жаратты деген сұрақтармен көп ойланамын", - дейді суретші.

Осы сұрақтың жауабын таба алдыңыз ба?

"Әлі іздеп келемін".

Қандай да бір белгі, ишара таба алдыңыз ба?

"Ол – бізге берілген жарық. Мысалы, мына ағашпен (есік алдындағы теректі көрсетіп - авт.) 30 жылдан бері таныспын. Ал ағаштың өзіне 100 жылдай боп қалды. Бұдан 5 жыл бұрын маған қандай да бір сыртқы күш осы ағашқа сурет салуға үгіттеді. Қазір көріп тұрғандарыңыздай, үш нәсілдің суреті бейнеленген. Бакуде осындай 28 ағаш бар: үйеңкі және сағызқарағай. Бұған дейін діңі құрттап, қыстыгүні үсіп қалып, ауыратын еді. Ал қазір мүлдем ауырмайды, өйткені оның жаны емделді. Күніне 500-ге жуық адам келіп, осы ағашты құшақтап кетеді, бұған жан бітті. Адам құшақтаған сайын оған энергия, махаббат береді, бұл сонымен қоректенеді", - деп, адам мен табиғат арасындағы сезімді көрсетті.

Жаратушыңызбен алғашқы кездесуде не айтар едіңіз?

"Ол мені қабылдаса, мына қылқаламды өзіне беріп, "Мен дұрыс ұстап тұрмын ба?" деп сұрар едім. Мүмкін ол "Балам, осы жылға дейін қылқаламды қате ұстап келіпсің, мұны тіспен не аяқпен ұстап сурет салу керек еді ғой" деуі ғажап емес. Өйткені сол қаламды да өзі жаратты емес пе? Одан артық бұл қаламның сырын кім ұққан?", - деп риторикалық сұрақ қойды.

Бұл суретшінің тағы бір ерекшілігі, мұнаймен де сурет салады екен. Қазақстандық және әзербайжандық мұнаймен суреттер салған.

Сіз сыртынан бақылап жүрген жастарға не айтасыз?

"Сіздер  галактика жастарысыздар. Қабылдап жатқан көп ақпаратты сұрыптап, пайдаға жаратыңыздар. Бұл сіздерге берілген сынақ, керегіңізді мол ақпарат ішінен таба алсаңыздар, сіздер ұлы адамға айналасыздар. Жаңалық пен ақпараттың шыңына шығып, одан оттегі баллонын алып, жеңіске жетіңіздер. Сәттілік!", - деп түйді тілегін.

0
Рейтинг: +3

Фото: Автордан
Қосылған күні: 11 ақпан, 13:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.