Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Жүрек белгісі қалай пайда болған?

Жүрек белгісі қалай пайда болған?

Жүрек белгісі қалай пайда болған?

Адам денесіне тән шынайы жүректі “махаббат” символына айналған белгімен салыстырып көріп, ешқандай ұқсастық байқамағанымыз өтірік емес. Сол кезде ғана қазіргі жүрек белгісінің шығу тарихы бәрімізді қызықтырады.

Жүрек белгісінің шығуы туралы нақты ақпарат болмаса да, халық арасында тараған аңыздар мен  болжамдар жоқ емес. Алғашқы болжам бойынша, жүрек белгісі шырмауық жапырағымен байланысты. Шырмауық жапырағы шынымен жүрек белгісіне ұқсайды. Шырмауық өзінің берік тамырымен, табиғаттың сан құбылғанына қарамастан өсе беретіндігімен танымал. Ежелгі Грекия мен Римде шырмауық бауыр басудың белгісі болған. Сол себептен, күмбездерді шырмауық жапырақтары арқылы өрнектеуге тырысқан.

Одан бөлек, Роаноке (Вирджиния) университетінің профессоры Гальдино Пранзароне зерттей жүргізе отырып жүректің шығу тегі әйел адамның бөксесіне тамсанудан туған деген тұжырымға келген. «Discovery News» басылымына берген сұқбатында зерттеуші ежелгі миф пен әдебиетті зерттей отырып, гректердің әйел бөксесін сұлулықтың символы, әйел болмысының бастауы ретінде қарастырғанын тілге тиек етеді. Зерттеушінің сөзіне сенсек, ежелгі гректер махаббат символына айналған Афродитаны сұлулық эталоны санаған.

Жүрек белгісі бүгінде жастардың ең сүйікті белгілеріне айналды. Ең танымал әрі жиі қолданатын эмоджи қатарынан жүрек белгісін көруге болады. Жүрек белгісін тек жастар өзара ғана емес, атақты адамдар өздерінің табынушыларына да емін-еркін көрсетеді.

Сіз жүрек белгісін қаншалықты жиі қолданасыз?

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: the-challenger.ru
Қосылған күні: 09 желтоқсан 2018, 12:49

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.