Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бір суреттің тарихы: О, Прозерпина... Мұңлығым менің!

Бір суреттің тарихы: О, Прозерпина... Мұңлығым менің!

Бір суреттің тарихы: О, Прозерпина... Мұңлығым менің!

"Персефоны зерно гранатовое, как забыть тебя в стужах зим!
Помню - губы, двойною раковиной приоткрывшиеся моим..."
Марина Цветаева

Біз әңгімелегелі отырған "Прозерпина" картинасының авторы, прерафаэлиттер толқынының ең көрнекті өкілі Данте Габриэль Россеттимен мені Офелия таныстырған. Иә, Гамлеттің Офелиясы (Бұл сөзге Офелия қос қолдап келіссе де, Гамлеттің өзі келісе қоймас). Мұсылман үшін құран, христиан үшін інжіл, иудейлер үшін Танах қандай болса, әдебиет сүйер адам үшін Шекспир де сондай. Оған қайта орала бересің. Бәрінің астарынан соның ізін көресің.

"Романтика өлгеннен кейін, әдебиет те шала-жансар бола бастайды" атты мақалада классик Дулат Исабеков: ""Искусство медленного чтения" біржолата құрыды. Түсінбеген нәрсесін қайта-қайта оқитын, ізденетін адамдар аз қалды" - деп ренжиді. Мен сол қолыма алғанымның түбін тесіп оқитындар қатарынанмын. Әдебиет арқылы өзге өнерді тануды үйреткен де осы қасиет.

Айтайын дегенім, жасөспірім кезімде Шекспирмен алғаш "ауыра бастадым". Сол "ауруым" оған, оның кейіпкерлеріне қатысты ғаламшардың барлығын шарлап жүріп осы Россеттиге жолықтырды.

"Офелия", Д. Э. Милле. 1852 жыл, Тейт галереясы, Лондон

Ағылшын Абайының кейіпкерімен аттас мына картина жанар, жүрек, сананы түгел жаулап алады. Сөйтсем, шеберім көркемсурет өнерінде прерафаэлиттер толқынының негізін қалаушылардың бірі Джон Милле есімді суретші екен. Милле арқылы Данте Габриэль Россетти, Уильям Хант,  Мэдокс Браун, Эдвард Бёрн-Джонс, Уильям Моррис, Артур Хьюз, Уолтер Крейн, Джон Уильям Уотерхаус деген рухтас бауырларының картиналарын "ішетін" болып алдым. Сол "мною любимый" прерафаэлиттердің бір шедеврімен таныстырғым келді.

Негізі "Бір суреттің тарихы" желісін осы картинамен жалғастыруға өткен аптада шыққан "Ағылшын Бодлері. Суинберн" мақаласы себеп болды. Нағыз декадентті еліткен "femmes fatales" тізімінде де осы Прозерпина есімі аталып өткен еді.


Прозерпина - Персефона

Кенепте Көне Рим мәдениетіндегі Жерасты патшалығы Құдайының жары Прозерпина бейнеленген. Ол бізге грек аңыздары бойынша Персефона  (Юпитер мен Церераның қызы, Плутонның жұбайы) есімімен таныс.

Бір күні Прозерпина құрбыларына ілесіп өзен жағасынан гүл теруге барады. Сұлу бойжеткен  Жерасты Құдайының көзіне бірден түседі. Платон оның Адониске деген сезімін біле тұра,  қызды күймеге отырғызып ала қашады. Желмаядай жүйткіген күйменің алдында жер қарс айрылып, сүйгеніне қолы жеткен Плутон өлілер мекеніне еніп кетеді.

"Аид пен Персефона", Рембрандт.

Алайда Церера жанына жақын, нәзік қызын тынымсыз іздеп тапқан соң, оны қайтарудың амалын ойлайды. Плутон қаламаса да, жіберуге мәжбүр болады. Кетерінде қызға гранат ұсынады, өзін ұрлаған адамға ренжимін деп нәр татпаған тұтқын ақыры өз қалауы орындалған соң, жемісті қомағайлана жеп қояды.

Аңғал ару Жерасты Құдайы қызыл түсті лағыл іспетті дәндерді "Сүйгенім Жерасты Патшалығын ұмытпасын, маған қайта оралуды қаласын" деген ниетпен бергенін білмеген еді. Міне, содан бері Прозерпина алты айын тірілер, алты айын өлілер мекенінде өткізеді екен деген сенім бар.

Россеттидің "Прозерпинасы"

Мифология, мифологиялық кейіпкерлер қашан да өнер адамына шабыт беріп, ал Прозерпина секілді әйел образдары Музаға айналып жататыны бар емес пе? Сол секілді Плутонның махаббаты туралы миф желісі бойынша "Мәрмәр менің алдымда балауыздай иілетін етіп бағындырдым" дейтін хас талант Джованни Бернини де мүсін жасаған. Осы секілді Прозерпинаны "әнге қосқандар"  аз болмады. Десе де, біз бүгін тек Россеттидің "Прозерпинасын" жырлаймыз.

"Плутонның Прозерпинаны ұрлауы", Джованни Бернини. 1621—1622 жылдар, Боргезе галереясы, Рим. 

Картинаның салынған мерзімі 1874 жыл деп көрсетілгенмен, Россетти оны жеті жыл, сегіз кенепке салған екен. Мүсін — шебердің сүйгені Джейн Морристің бейнесі.

Россетти Прозерпина туралы: "Ол өз сарайының түнек дәлізінде бейнеленген, қолында өліммен барабар улы жеміс. Ойға шомған күйі Жер үсті әлемінің белгісіндей болған кішкене ғана саңылаудан түскен сәулеге телміріп қарап тұр. Қасында кейіпкер атрибутына айналған айналаны жұпар иіске бөлейтін аспап бар. Артындағы шырмауық бұтағы жүрекке маза бермейтін естеліктер символы іспетті",- деп жазды.

Далекий свет доходит иногда, 
Едва блеснув в неуловимый миг, 
Как будто только в памяти возник. 
Далекой Энны цвет милей плода 
Зловещего, приведшего сюда. 
И небеса – как далеки они 
От Тартара; остались в прошлом дни – 
Здесь ждет ночей грядущих череда. 

И от себя сама я далека, 
И прошлого мне здесь совсем не жаль: 
Но чей-то голос рвется через даль 
Ко мне (и внятен зов его, пока 
Лепечет что-то мне моя тоска): 
"О Прозерпина! О моя печаль!" 

Бұл — поэтикасы суреткерлікпен ұштасқан эстет ақын Россетидің өз өлеңі. Назар салып қарасаңыз, картинаның оң жақ жоғары бұрышында итальян тіліндегі төрт жолды байқайсыз. Россетти мұңды махаббаты Джейннің досы Уильям Морристің жары екенін қабылдай алмай, екі ортада елекзіген өмірін Прозерпина тағдырымен салыстырған. Дәл осының ағылшын тіліндегі нұсқасын картина жиектемесінен де көруге болады.

Сегіз рет салынған сурет

1871 жылы салына бастаған сурет тек 1882, яғни, шебер мәңгілік мекеніне аттанатын жылы ғана аяқталған. Көңілі толмаған соң, оны өзгертіп басқа картинаға айналдырып отырған. Мысалы,  "Бәйшешектер"(Подснежники)   — солардың бірі. Коллекционер Фредерик Лейланд оны бірнеше рет автордың өзіне қайтарып берген. Сондай транспортировка кезінде әбден бүлінген картинаны Россетти "Қарғыс атқан картина" деп атаған. Одан алдыңғы нұсқаларды Чарльз Хауэллге берген екен. Фредерик Лейландқа бұйырған жетіншісі қазір Тейт Галереясында сақтаулы. Соңғы, яғни, сегізіншісі Бирмингем мұражайында.

Біз бірнеше рет атап өткен Лейланд кезінде автордың бір емес, 18 жұмысын сатып алған. Суреттерден триптих жасауды да ұсынған осы кісі. "Мнемозина", "Құдайы бикеш" (Блаженная Дева)  пен "Прозерпинаны" біртұтас туынды деп қарастыруға әбден болады.

Россеттидің Музасы Джейн Моррис

Атақты алтыншы нұсқаны (1877, майлы бояу, кенеп) 1964 жылдың қарашасында британиялық суретші Лоренс Стивен Лаури 5 000 гинеяға сатып алған. Белгілі өнертанушы Майкл Ховард Лауридің "Энн Х. портреті" (1952) атты картинасын Данте Габриэль Россеттидің осы "Прозерпинасына" ұқсатады. Лаури қылқалам шеберінің талантына ерте жастан тәнті болған. Қанша армандағанымен, оның картинасына тек өмірінің соңында ғана қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады. Дәл осы кенеп 1987 жылы өткен Christie's  бәссаудасында 1 000 000 фунт стерлингке сатылып, Викториан дәуірінің ең қымбат картинасына айналған еді. 

Прозерпинаға дейін: Мнемозина

"Мнемозина" картинасы кейде "Естелік шамы", кейде "Рикорданза" деп алады. Сурет Данте Габриэль Россеттидің 1875-1881 жылдар аралығындағы өмірін алған. Алғашында бұл кенеппен жұмыс "Сириялық Астарта" картинасына эскиз ретінде басталған. Кейін өзгеріп, естеліктер құдайы деп танылған аңыз кейіпкері құрметіне "Мнемозина" аталды. Суретші 1876 жылы 29 сәуірде өз анасына жазған хатында екі картинаның өзара ұқсайтынын, оларды тек әйелдің басы мен қолының орналасуы ерекшелейтінін айтқан екен.

"Мнемозина" ("Естелік шамы" немесе "Рикорданза") Данте Габриэль Россетти. 1875-1881 жылдар. 

Россетти картинаны Кларенс Фрайға сатқысы келгенмен, ол бас тартады. Сөйтіп оны 1876 жылы суретшінің "көкесі" (бізге әбден таныс боп алған) Фредерик Лейланд сатып алады. Лейландтың суреттің көлемін кішірейтуге қатысты (кабинетіне сыйдыру үшін) тілегін орындамауға ыңғайсызданған Россети онсыз да көп уақытын алған "Мнемозинамен" 1881 жылға дейін жұмыс істейді.

Картина жиектемесіне әдеттегідей өлең жолдары жазылған:

"Thou fill'st from the winged chalice of the soul
Thy lamp, O Memory, fire-winged to its goal".

Бұл туынды 1892 жылы  Christie's  бәссаудасына қойылғаннан бастап 1916 жылға дейін қолдан-қолға өтіп, еш жерде тұрақтамады. Кейін прерафаэлиттердің ең үлкен қорын жасаған Сэмьюэл Бэнкрофт картинаны өз үйіне алады. Қазіргі таңда ол Делавэр көркемөнер мұражайына қойылып, өнерсүйер қауымның тамашалауына қолжетімді болды.

Прозерпинаға дейін: Құдайы бикеш 

"Құдайы бикешті" Россетти 1875 пен 1878  жылдар аралығында салған. Әдетте картинасына қарай өлең жазатын ақын суретші, бұл орайда, кезекті алдымен  сөзге берген екен."Құдайы бикеш" сонеті  1850 жылы жарыққа шыққаннан кейін екі мәрте өзгертілген.

"Құдайы бикеш" Данте Габриэль Россетти. 1875-1878 жылдар. 

Бір қызығы, өлеңді жазуға Эдгар Поның "Қарға" аталатын атақты туындысы себеп болған. Онда лирикалық кейіпкер өмірден өткен сүйіктісін жоқтаса, Россетти жырында бойжеткен сүйгенінің күйін көктен  қарап қайғырып отырады екен.

Осы өлеңді суретпен бейнелеуді шебердің достары ұсынған екен. Оны ұнатқан өнер жанашырлары репродукциясын жасауды да сұраған. Қазір түпнұсқа  Фогг көркемөнер мұражайында, ал көшірме леди Левер галереясында сақтаулы тұр.

Мүддеттің Мұңлықтарын жоқтаған "Мнемозина", "Құдайы бикеш" (Блаженная Дева) пен "Прозерпина" біртұтас триптих туынды ретінде көркемөнер тарихында мәңгі сақталады.


P/S: Әркімде душта ән айту деген сияқты ермек болады емес пе?.. Оған икемі болса да, болмаса да, керемет әсерге бөленіп, бір сергіп қалады. Менде де сондай әдет бар. Шимайлағанды ұнатам. Көргендер суреттердің үстіне не жазылып тұр деп сұрап жатады. Шынымен, үнемі өлең не проза жолдарын жазады екем. Кейін байқадым. Сосын бұл маған қызық бола бастады. 

Атақты әрі аса талантты режиссер Линчтің өнерге деген қадамын суреттен бастағанын білетінмін. Өткен жолы оның көрмесі ашылды дегенді оқып, ғаламторға жүктелген бірнешеуін қарап шықсам, ол да солай. "Жазылған сөздер —суреттерімнің маңызды бөлігі, оларсыз толыққанды туынды болмайды",-депті.

Россеттидің шығармашылығынан да осыны көреміз. "Әрине, ол, ең алдымен, ақын ғой", - дерсіз.

Мүмкін...

Мүмкін, Иоанн айтқандай, "В Начале было Слово" ... 

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 09 қазан, 09:21
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.