Парижде ХХ ғасырдың ұлы туындылары орналасқан цифрлы мұражай ашылды

Парижде ХХ ғасырдың ұлы туындылары орналасқан цифрлы мұражай ашылды
Фото: vk.com

Париж сурет өнеріне арналған алғашқы цифрлы мұражай ашылды. Экспозицияда ХХ ғасырдың ұлы картиналарының проекциялары орналастырылған.

Ателье де Люмьер мұражайының биіктігі 10 метрге дейін жетсе,  аумағы — 3300 шаршы метр. Картиналар осынша ауқымды алып жатады. Шара жоғары технология заманының жастарын өнерге баулуды көздейді.

"Мұндай интерактивті көрмелер — қылқалам шеберлерінің туындыларымен танысуға таптырмас алғашқы қадам. Париж жастарына осындай шаралар жетіспейді", - дейді мұражай директоры Майкл Кузигу.

Көрмеде 3 бар. Оның екеуі венгриялық Густав Климт, Эгон Шиле мен Фриденсрайх Хундертвассер шығармашылығына арналса, үшінші залда жасанды интеллект салған бейнелер орналастырылған.

А. Оралқызы