- Негізгі бет
- Сурет
- Парижде ХХ ғасырдың...
Парижде ХХ ғасырдың ұлы туындылары орналасқан цифрлы мұражай ашылды
Фото:
vk.com
Париж сурет өнеріне арналған алғашқы цифрлы мұражай ашылды. Экспозицияда ХХ ғасырдың ұлы картиналарының проекциялары орналастырылған.
Ателье де Люмьер мұражайының биіктігі 10 метрге дейін жетсе, аумағы — 3300 шаршы метр. Картиналар осынша ауқымды алып жатады. Шара жоғары технология заманының жастарын өнерге баулуды көздейді.
"Мұндай интерактивті көрмелер — қылқалам шеберлерінің туындыларымен танысуға таптырмас алғашқы қадам. Париж жастарына осындай шаралар жетіспейді", - дейді мұражай директоры Майкл Кузигу.
Көрмеде 3 бар. Оның екеуі венгриялық Густав Климт, Эгон Шиле мен Фриденсрайх Хундертвассер шығармашылығына арналса, үшінші залда жасанды интеллект салған бейнелер орналастырылған.
А. Оралқызы