iPhone смартфонына түсірілген үздік суреттер

iPhone смартфонына түсірілген үздік суреттер
Фото: ippawards.com

Фотографтар кәсіби фотоаппараттарсыз-ақ тартымды, әсерлі суреттер түсіре алады. IPPAWARDS байқауына қатысатын фотографтар оны дәлелдеп келе жатыр. Бұл байқауда жыл сайын iPhone смартфондарына түсірілген суреттер қатысады. Назарларыңызға 2018 жылдың үздік суреттерін ұсынамыз.

"Қоныс аударғандар", Яшим Салам. Гран-при, "Жыл фотографы" номинациясы

Документалист-фотограф Яшим Салам босқындар лагеріндегі Рохинья балаларының фотосы үшін гран-при иеленді. Ол бұл суретті iPhone 7-ге түсірген. 

"Көк-сары Байан", Александр Вебер. Бірінші орын, "Жыл фотографы" номинациясы

Швейцариялық Александр Вебер бұл суретті iPhone 6S смартфонына түсіріп алыпты. Оның айтуынша, ұлттық киімдегі әйелдің суреті Бразилияда аяқ-асты түсірілген. 

"Көзбе-көз", Хуапень Жао. Екінші орын, "Жыл фотографы номинациясы"

ЯнТай ШанДон провинциясына саяхаттап барған фотограф бұл суретті түсерер кезде бала көзіне балықты тақап қалған екен. Осылайша кездейсоқ портрет пайда болған. 

"Менің ойнағым келеді", Зарни Майо Уин. Үшінші орын, "Жыл фотографы" номинациясы

Бір аяғы жоқ бала сурет авторына өзінің өзглермен қосылып ойнағысы келетінін айтыпты. Оның бұл қалауы сурет әсерлілігін, сөзсіз, арттырып тұр.

"Күн батарда", Коку Лю

"Жануар", Робин Робертис

"Жануар", Кэти Уолл

"Архитектура", Насра әл-Шаржи

"Балалар", Дина Әлфаси

"Пейзаж", Найан Фенг

"Табиғат", Сухру Мехмет Омур

"Табиғат", Пенг Ю Таң

"Панорама", Матеуш Писяк

"Портрет", Куаңлоң Жанг

"Серия", Коку Лю

"Серия", Коку Лю

Massaget.kz