Өткен аптада Christie’s бәссауда үйі саудаға өте сирек кездесетін бағалы лотты шығарылды. Ол — «Әлемді құтқарушы» аталатын Леонардо да Винчидің соңғы картинасы. Жеке коллекцияда сақталып келген жалғыз туынды басында $100 миллионға бағаланды. Дегенмен, жаңа қожайын осы туындыны $450,3 миллионға сатып алуы арқылы рекордты баға бекітті.
Леонардо да Винчидің «Әлемді құтқарушы» картинасы 1500 жылы салынған. «Аукцион сарапшылары үшін бұл картина Қасиетті Граальдан да бағалы»,– дейді Christie’s бәссауда үйінің маманы Лоик Гузе.
Өнер сарапшылары «Әлемді құтқарушы» картинасын Леонардо да Винчи Франция королі Людовик XII сұранысы бойынша салған деседі. Кейін картина 1625 жылы Карл I Франция патшайымы Генриетта Марияға үйленген уақытта Англияға өткен. 1649 жылы Карл I дарға асып өлтірілген кезде туынды Корольдік коллекция тізімінде болған. Содан 1651 жылы бәссаудада сатылып, ал 1666 жылы Карле II билік құрып тұрған кезде Корольдік колекциясына қайтарылған. 1763 жылы картина жоғалып кетеді де, бұл оқиғадан бір жарым ғасыр уақыт өткеннен кейін қайта сатылымға шығарылған. 1900 жылы орын алған сондай бәссаудалардың бірінде «Әлемді құтқарушы» белгісіз адамның жеке жинағына өтеді.
15 қараша күні Нью-Йорк қаласында өткен шараға дейін картина Лондон, Гонконг пен Сан-Франциско өнер мұражайларында жұртшылық назарына ұсынылды.