Мона Лизаның тағы бір портреті табылды

Мона Лизаның тағы бір портреті табылды
Фото: img2.ntv.ru

Париж маңына жақын орналасқан Конде мұражайы топтамасынан көмірмен салынған әйел бейнесі табылды. Мамандардың айтуынша, бұл Мона Лизаның эскизі болуы мүмкін. Сурет мұражайда шамамен 150 жыл сақталған болып шықты.

Бұрын бұл суреттің Леонардо да Винчи студиясында салынғаны белгілі болған. Бірақ, сарапшылар оның авторы өзге біреу екенін айтқан еді. Соңғы жаңалықтарға сенетін болсақ, арт-мамандар да Винчи екі картинамен қатар жұмыстанған деген шешімге келді. Бұл тұжырыммен Лувр кураторлары да келісіп отыр. Картина 1862 жылдан бері Шантийи сарайындағы Конде мұражайының Қайта өрлеу дәуірінің туындылары бөлімінде сақталып келген.

"Мона Лиза" — адамзат тарихындағы аса маңызды өнер туындысы. Жас әйелдің портретін 1503 жылы Леонардо да Винчи салған. Картина Ренессанс, яғни, Қайта өрлеу дәуіріне жатады.

Сөз соңында Мона Лиза картинасына қатысты қызықты деректерге тоқталып өтейік.

1. Суреттің италия тіліндегі толық атауы – Ritratto di Monna Lisa del Giocondo, қазақ тіліне аударғанда бұл Лиза Джоконда ханымның суреті дегенді білдіреді.

2. Суретте флоренциялық жібек мата сатушының әйелі Франческо дель Джоконда бейнеленген деген мәлімет белгілі. Леонардо да Винчи өзін әйел бейнесінде салған немесе анасы Кристинаны салған деген алып-қашпа әңгімелер де бар.

3. Бұл күнде сурет Луврда тұр. 7 миллион АҚШ доллары жұмсалып суретке оқ өтпейтін әйнек пен қазіргі заманға сай қауіпсіздік жүйесі орнатылған.

4. Көптеген зерттеулерден кейін суреттің қайта өнделіп салынғаны белгілі болып отыр. Сарапшылар суреттің түпнұсқасы әлдеқайда әдемі деген пікір айтады.

5. 1911 жылы Лувр жұмысшылары суретті ұрлап әкетіп, ол сурет 2 жылдан соң қайта табылды.

6. Леонардоның ең бір ерекше мұрасына көз алартқандар қаншама. Салынған суретке тас лақтырып, түрлі түсті сиялар жаққан адамдар да болған. 

7. Бүгінгі таңда бұл суреттің бағасын анықтау мүмкін болмай тұр. Алайда Луврдағылар оны 3 миллиард долларға бағалап отыр.

А. Оралқызы