Ғаламторда Рембрандт туындыларын онлайн тамашалау мүмкіндігі ашылды

Ғаламторда Рембрандт туындыларын онлайн тамашалау мүмкіндігі ашылды
Фото: vk.com

Ұлы қылқалам шебері Рембрандт картиналарының электронды нұсқалары пайда болды.

Рембрандт шедеврлері сақтаулы тұрған Амстердамның Рейксмузеум мұражайы суретші туындыларын онлайн тамашалау мүмкіндігін ашты.

Мұражай сайтында арнайы Drawings by Rembrandt айдары орналастырылған. Онда голландиялық шебердің 64 суреті, олардың ішінде, портреттер, пейзаждар, жануарлар суреттері мен библиялық сюжеттер де бар. Аталған мұражайдың цифрлы каталогында Рембрандт туындылары туралы қосымша ақпараттан бөлек, оның шәкірттерінің шығармашылығымен де танысуға болады.

А. Оралқызы