Атақты суретші Фрида Калоның картиналары бойынша эмодзи жасалды

Атақты суретші Фрида Калоның картиналары бойынша эмодзи жасалды
Фото: vk.com

Дизайнер Сэм Кантор мексикалық суретші Фрида Калоның картиналары бойынша 160 эмодзи түрін жасап шығарды. Нақтырақ айтатын болсақ, FridaMoji қосымшасын жүктеп алған қолданушыларға «Қиылған шаштармен салынған автопортрет », «Екі Фрида» және «Маймылдармен салынған автопортрет» картиналарын еске түсіретін смайликтер ұсынылады.

«Фрида мұндай жоба үшін таптырмас тұлға. Себебі, ол өз картиналарында көңіл-күйін жасырмай, ашық жеткізе білген. Оны өзге суретшілерден ажыратып тұратын да осы қасиеті», — дейді ұйымдастырушылар жоба туралы.

Осыған дейін америкалық иллюстратор  Яёи Кусама мен Энди Уорхол сынды арт сахна жұлдыздарының образына сай эмодзилар жасап үлгерген болатын.

 

А. Оралқызы