Дөңгеленген дүние (1-бөлім)

 Дөңгеленген дүние (1-бөлім)
Фото: www.nationalgeographic.com

Әлем өте көркемдікпен жаратылған. Қызыл-жасыл дүниенің мың сан бояуы көзді еріксіз баурайды. Құр көзбен ғана қарап қоймай, көңіл көзін қосып қарасаңыз, өзгеше қабылдарыңыз анық.  "Әлемді сұлулық құтқарады" дегенді Достоевский бірдеңе біліп айтса керек-ті. Сұлулықты сүю һәм оған ұмтылу әр пенде баласына тән қасиет. Әр күн сайын National Geographic редакторлары әлем фотографтарынан мыңдаған сурет қабылдайды. Үздіктердің үздігі деп таңдалған суреттер ғана осынау әйгілі басылым бетіне шығады. Сонымен, қаңтар айының үздік суреттерін көріп, сұлулыққа көз суара отырыңыз!

Ж. Жұмағұлов