Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бір суреттің тарихы: “Тоғызыншы толқын”

Бір суреттің тарихы: “Тоғызыншы толқын”

Бір суреттің тарихы: “Тоғызыншы толқын”

Атауы:“Тоғызыншы толқын”
Автор: Иван Айвазовский
Салынған жылы: 1850
Кенеп, майлы бояу. 221×332 см
Петербордағы Мемлекеттік Орыс мұражайы қорына 1897 жылы Эрмитаждан өткен.

Иван Айвазовский – әлемге әйгілі орыс суретші-маринисі. Қылқалам шеберінің қолынан шыққан алты мыңға жуық туындылардың әрқайсысын әлем оның көзі тірісінде мойындап үлгерген болатын.

1844 жылы қыркүйек айында Айвазовскийге академик атағы беріліп, ол Балтық порттары эскиздер жасауға теңіз штабына жіберілді. Бірақ 1845 жылдың көктемінде суретші өзінің туған жері Феодосиядан алыс өмір сүре алмайтынын түсінеді. Оны Петербор қаласындағы атақ пен мансапты өмірі де ұстап қала алмады.

Суретші өзіне жағалаудан үй салып, сонда мәңгі қоныс тепті. Ол өзінің туған жері Феодосиясын бар жанымен сүйетін. Үйінің қабырғасына соққан Қара теңіздің толқындары оның шабытын шақырып, қазіргі таңда Айвазовский тегін естігенде бірден көз алдына келетін әсерлі теңіз бейнелерін жасауға себеп болды. Суретші өмір бойы шығармашылықпен тойымсыздана, тағатсыздана айналысқан болатын. Оның туындыларының негізгі кейіпкері – теңіз еді. Айвазовский атын тарихта қалдырған да осы теңіз...

Біз әңгімелегелі отырған “Тоғызыншы толқын” (“Девятый вал”) картинасы –  “100 ұлы картина” кітабына енген бірегей туынды.

Суретте шебер теңізде болған дауылдан кеме апатына ұшыраған адамдарды бейнелеген. Сәулесін төккен күн үлкен толқындарға жарық беріп тұр. Олардың ең үлкені – аспанмен таласқан тоғызыншы толқын апаттан аман қалған адамдардың соңғы үмітін қарқынымен ағызып әкетпек.

Алайда, суреттің жұмсақ реңдерде бейнеленуі – кеме апаты болғанымен, одан қалған діңгекте жан сауғалаған  жандардың тірі қаларына сендіріп тұрғандай.

Айвазовский теңіздей құпияға толы табиғат құбылысының көз тоймас сұлулығы мен жан түршіктірер қатігездігін әсерлі бейнелей білген. Табиғат апатымен соңғы демі қалғанша арпалысқан адамдар тағдырының трагедиясы бір көргеннің көңіліне мұң ұялатқанымен, терең үңілгеннің көзіне үміт символы саналатын түрлі-түсті кемпірқосақ оттай басылады.

Айвазовский өмірін зерттеушілер бұл жұмыста суретші өзінің 1844 жылы Бискай шығанағында болған саяхатын бейнелеген деседі.

Кенеп Мәскеуде көрсетілген алғашқы қоғамдық көрмеден-ақ құнды жәдігерлер қатарына енді. Оны тамашалауға келушілер саны бойынша туынды Карл Брюлловтың  “Помпейдің соңғы күні” (“Последний день Помпея”) картинасынан кем түспеді.

0
Рейтинг: +4

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 15 қараша 2016, 17:34

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.