Ең таңдаулы вампир

Ең таңдаулы вампир

Бұл күнге дейін вампирлер туралы бірқатар телехикаялар мен фильмдер түсірілді. Бірақ та, ең таңдаулы вампир  атағына кім лайық? Ұлыбританияның Pearl & Dean зерттеу компаниясы көрермендердің арасында сауалнама жүргізген болатын. Сауалнамаға үш мыңға жуық көрермен қатысты. Нәтижесінде, көпшілік «Ең таңдаулы вампир» деп, өз дауысын «Сумерки» («Twilight») фильмінің бас кейіпкері Эдвард Калленге (Edward Cullen) берген.

Вампирлер өзінің күшімен, сымбаттылығымен, шапшаңдығымен, мәңгілік өмір сүруімен көпшілікті өзіне баурап алады. Телеэкран вампирлеріне көрермен қауымның пейілі ерекше. Бұл күнге дейін вампирлер туралы бірқатар телехикаялар мен фильмдер түсірілді. Бірақ та, ең таңдаулы вампир атағына кім лайық? Ұлыбританияның Pearl & Dean зерттеу компаниясы көрермендердің арасында сауалнама жүргізген болатын. Сауалнамаға үш мыңға жуық көрермен қатысты. Нәтижесінде, көпшілік «Ең таңдаулы вампир» деп, өз дауысын «Сумерки» («Twilight») фильмінің бас кейіпкері Эдвард Калленге (Edward Cullen) берген.

Басты рөлді сомдаған Роберт Паттинсон (Robert Pattinson), Дракула (Christopher Lee), Блэйд (Wesley Snipes), Лестат (Tom Cruise) сияқты мықты деген қарсыластарын базып озған. 

Эдвард көрермендердің жүрегіне қалайша жол тартты? Оларды қандай қылықтарымен баурап алды? Гендерлік психология зерттеушісі, профессор Шапиро Бараштың айтуы бойынша, Эдвард Калленнің бойында қыз балаларды тәнті ететін қасиеттер бар. Оның жүзі жарқын, сымбатты әрі келбетті. Ол өз махаббатынан танбайтын, шынайы сезімге берілген жан. Эдвард сүйіктісі үшін отқа да, суыққа да түсуге дайын. Сүйгені үшін қалай болғанда да жауға қарсы тұратын батыл азамат.


Оның классикалық музыкаға қызығушылығы, сүйіктісін арқалап алып, оған әлемнің әсемдігін тартуы, фортепьянода әдемі шығарма орындауы, романтикалық іс-әрекеттерге жақын болуы кез келген көрерменді өзіне баурап алады.

Эдвард Каллен тек жануарлардың қанын ішетін мейірімді вампир. Ол өз болмысымен күреседі. Оның ақсүйектерге ғана тән қылықтары, өмірге деген көзқарастарын көрген көрермен оны нағыз идеалды ер-азамат деп атай алады. Ол ешқашан қартаймайды, мәңгі өмір сүреді. Эдвард бұл қасиетін сүйгеніне бере алады. Ол әр кез сүйіктісін ғұмыр бойы әлпештеп өтеді.


Сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі өмірлерінде Эдвардтай ер-азаматты жолықтырғысы келетіндері туралы айтып қалды. Расында да, нағыз ер-азаматтарға тән қасиеттерді бойына сіңірген Эдвардты қалайша «Ең таңдаулы вампир» деп айтпасқа?! Ерекше болмысымен көзге түскен Эдварты көрермендер "Менің кейіпкерім" деп атаса, оның бейнесін сомдаған Роберт Паттинсон көрермен қауымның сүйікті актеріне айналды.

Суреттер: http://fanparty.ru, twilighters.ru

Ғ. Ұзақ