Квентин Тарантино жаңа вестернде көрінбек

Квентин Тарантино жаңа вестернде көрінбек

Квентин Тарантино Badlanders («Жители пустошей») спагетти-вестернінде рөл сомдамақ екен. Италиялық режисер Энцо Дж. Кастелларидің бұл фильмінде Тарантино эпизодтық рөлді сомдайды. Бұл туралы The Hollywood Reporter хабарлап отыр.

Фильмде италиялық актер, 1966 жылы шыққан «Джанго» вестерінің қаһарманы Франко Неро басты рөлді ойнайды. Дәл осы аттас фильмінен алған әсері бойынша Тарантино жақында ғана «Азат етілген Джанго» фильмін түсірген еді. Бір қызығы Франко Неро «Азат етілген Джангода» да бір эпизодында кездескен болатын. Ендігіде бұл топ тағы бір фильмді өзара бірлесіп түсірмек.

Энцо Дж. Кастеллари 60 жылдары «Иди… убей и вернись», «Убей их всех и возвращайся… один», «Один доллар – слишком много» және «Семь винчестеров для битвы» деген фильмдерімен танылған еді.  

Оның «Кеома» фильмі 1976 жылы осы жанрдың ең таңдаулы фильмі болып келген.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: furfurmag.ru

А. Құлтай