Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Қазақтың тұңғыш мультфильмі

Қазақтың тұңғыш мультфильмі

Қазақтың тұңғыш мультфильмі

ҚР Еңбегі сіңген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Ұлттық өнер академиясының профессоры, режиссер-аниматор, қазақ мультипликациясының негізін қалаушы Әмен Қайдар Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын үздік бітіріп шыққан соң, мультфильм шығаруға кіріскен болатын.

Алғашқы мультипликациялық туындысын шығармас бұрын, ол қазақ аңыз-ертегілері мен қиса-дастандарды оқып, қазақ ауыз әдебиетіне үлкен зерттеу жүргізген. «Қарлығаш ұясын бұзуға болмайды!» деген тыйым сөзді естіп өскен ол алғашқы туындысына халық ертегісін арқау етті.


Мультфильм жасауға бес адамнан тұратын шығармашылық топ кірісті. Аз уақыттан кейін кейіпкерлер бейнелері салынды. Мультфильм музыкасы белгілі сазгер Нұрғиса Тілендиевке тапсырылды. Қазақтың тұңғыш мультфильмі ұлттық музыкалық аспап домбыра әуенімен әрленді. Ұзақтығы 10 минутқа жететін мультфильм жасауға бір жарым жыл уақыт кетті.

Әмен Қайдардың ұлттық мультфильм түсіру туралы ойын сол кездегі «Қазақфильм» киностудиясының басшысы Камал Смайылов қолдаған болатын. Сол заманғы тәртіп бойынша, есеп беру мақсатында мультфильмді Мәскеуге жібереді. Алайда, Мәскеудегі «Қазақфильм» киностудиясының тікелей басшысы Цигеди шағын топтың жасаған үлкен жұмысына сене алмай, қарсылық білдірді. Алайда, Камал Смайылов қазақтың өз ұлттық мультфильмінің болу керектігін алға тартып, басшы наразылығына төтеп берді. Көп ұзамай Мәскеу қаласынан мамандар келіп, жұмыс барысын өз көздерімен көріп, шығармашылық топ еңбегін жоғары бағалады. Өз кезегінде, мультфильм жұмысы жалғаса берді.

Мультфильм жасау жұмыстары аяқталған соң, оны 1967 жылы арнайы топ тексерді. Туынды оң бағаға ие болған соң, экранға шығып, қазақтың тұңғыш мультфильмінің тұсауы кесілді.

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» тұңғыш қазақ мультфильмі жарыққа шыққан бойда, көрермендердің ыстық ықыласына бөлене бастады. Бүкілодақтық тұсауы кесілген сәттен бастап-ақ, мультфильм шетелдерге ұсынылып, 48 елдің экранынан көрсетілді.

Мультфильм 1968 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласында өткен ІІІ Бүкілодақтық кинофестивальде ІІІ жүлдені иеленсе, 1975 жылы Халықаралық Нью-Йорк мультфильмдер фестивалінде «Кола Праксиноскоп» жүлдесіне жеңіп алды.


Қазақтың мультипликациялық фильмдерінің атасы Әмен Қайдар өз туындыларында ұлттық рух пен болмысты көрсету арқылы жас өркендерге орасан зор тәрбие береді. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан», «Қырық өтірік», «Құрылысшы Қожанасыр», «Жанар», «Айнакүн», «Құйыршық» т.с.с мультфильмдерінің авторы Әмен Қайдар бұл күнде шәкірттерімен бірге ұлттық нақыштағы мультфильмдерді түсіруге сүбелі үлес қосуды жалғастыруда.


Суреттер: vecherka.kz, nntt.org

3562 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 28 ақпан 2012, 12:00
Пікірлер
+0
28 ақпан 2012, 22:41

Бала кезде осы мультфильмді көп көруші едім.

+0
29 ақпан 2012, 19:14

бұл мультикті көрдік

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...