Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Әлемдегі ең қымбат фильм

Әлемдегі ең қымбат фильм

Әлемдегі ең қымбат фильм

Кез келген киноның бюджеті тек қана оның сапасы мен актерлік құрамына ғана емес, сондай-ақ, көрермен қауымды қызықтырып, олардың кино көруіне ықпал етеді. Продюсерлері бюджет туралы айтқан кезде олар фильмге жарнама жүргізіп, біртіндеп көрермендердің санын арттырады.


«Аватар» киносының тұсауы кесілмей тұрып, продюсерлер фильм бюджетін 500 миллионға теңестіріп еді. Тіпті киносыншылар арасында «Бұл кино әлеміндегі ең қымбат кинолента болып, әлемдік рекорд жаңартылады» деген ой қалыптасты. Алайда, бұл болжам расталған жоқ. Себебі, фильм өндірісіне 237 миллион доллар кеткен. Бұған қарамастан, экранға шыққан фильм 2 миллиардтан астам АҚШ долларын жинап, кинематограф тарихындағы ең үлкен кассалық фильм болып танылды.

«Ең қымбат» деп танылған алғашқы фильм


«Википедия» ашық энциклопедияның мәліметі бойынша, әлемдегі «ең алғашқы қымбат фильм» деп 2007 жылы түсірілген Гор Вербинскидің «Кариб теңізінің қарақшылары: Жер түбінде» («Pirates of the Caribbean: At World's End») фильмі танылды. Фильм бюджеті 300 миллионды құрайды. Кинолента бірден «Әлемдегі ең қымбат фильм» болып танылды. Екінші орында «Суперменнің оралуы» («Superman Returns») фильмінің 3-бөлімі тұр. Бұл фильмнің бюджеті 270 миллионды құрайды. Ал прокатта фильм шамамен 400 млн АҚШ долларын жинады.

Рекорд жаңартыла ма?!

Қазіргі таңда «Болат-адам» («Man of steel») фильмінің 4-бөлімінің түсіру жұмыстары жүргізілуде. Фильмнің тұсау кесері 2013 жылдың 13 маусымында өтеді. Кейбір батыс киносыншыларының айтуы бойынша, фильм бюджеті 310 миллионды құрайды. Егер бұл бюджет көлемі расталса, фильм авторы Зак Снайдер әлемдік рекордты жаңғыртуы мүмкін.

Киноленталардың шығынына тек түсірілім мен фильм жасауға кеткен қаржы жатады. Жарнамаға кеткен шығын, маркетингтік іс-әрекеттер, инфляция деңгейі  есепке алынбайды. Сондықтан, фильмнің нақты бюджетін айту қиын.


Өз уақытында әлемді дүр сілкіндірген «Титаник» оқиғасының желісімен түсірілген кино бюджеті 200 миллионды құраған еді. Бұл кино саласындағы ең танымал рекорд болып есте қалды.

Мысалы, КСРО кезінде 1967 жылы түсірілген Сергей Бондарчуктің «Соғыс және бейбітшілік» фильміне кеткен шығын біздің қазіргі бағамға аударған кезде шамамен 500 миллионды құрайтын еді.


Әлбетте, фильмнің табысты болуы оның бюджетіне байланысты емес. Ең бастысы, фильм кинематограф тарихында орын табуы керек. Келешек ұрпақ киноның бюджетіне емес, оның мағынасы мен сапасына аса мән беретіні хақ.

Ақпарат көзі: http://npoforex.ru

Суреттер http://re-actor.net, http://sevnews.net, http://movies.ya1.ru ғаламтор беттерінен алынған

Форумда талқылау

1242 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 21 ақпан 2012, 14:00
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...