Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Ақан Сатаев "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атанды

Ақан Сатаев "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атанды

Ақан Сатаев

Ақан Сатаевқа "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы берілді. "Награданы Ақордаға шақырып берді. Қуаныштымын", - деп жазды режиссер facebook-тегі бетшесінде.

Ақан Сатаев 1994 жылы Алматы қаласында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетін бітірген. Оқуды бітіре екі фильмге түсті. Сол кездері режиссер, продюсер ретінде жарнамалар түсіруде табысқа жетіп, 300 жарнамалық ролик түсіріп шықты. Сонымен қатар, бірнеше рет "Алтын Жұлдыз" сыйлығын да иеленді. 2003 жылы «Sataifilm» студиясының негізін қалады.

2007 жылы «Рэкетир» атты өзінің алғашқы толықметражды фильмін түсірді. Аталған картина прокаттан 1 миллион 150 мың доллар жинады.

«Қазақстан» ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілген "Ағайынды" сериалында Ақан Сатаев үш ағайындының тағдырларын қатар баяндайды.

Режисердің кино және теледидар саласындағы сәтті тәжірибелерінен кейін, "Адасқандар" картинасы көрерменге жол тартты. 

2012 жылы режиссердің "Жаужүрек мың бала" фильмі жарыққа шықты.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: kino24.kz

4342 5
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 19 желтоқсан 2012, 17:30
Пікірлер
+0
19 желтоқсан 2012, 19:31

Беу! "Жаужүрек мыңбаланы" дүниеге әкелген кинемотографист!

+0
19 желтоқсан 2012, 20:17

Ең соңғы сөйлем. Шал-дың режиссері Ермек Тұрсынов қой. Ақан Сатаев емес.

+0
19 желтоқсан 2012, 20:24

Қателік кетіпті, түзеп қойдым

+0
20 желтоқсан 2012, 08:55

Құтты болсын!

+0
20 желтоқсан 2012, 13:20

Әбден лайық тұлға!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...