- Негізгі бет
- Кино
- Еркебұлан Дайыров "Азияның...
Еркебұлан Дайыров "Азияның үздік актеры" марапатына ие болды
Қазақстандық актер Еркебұлан Дайыров Канндағы World Film festival кинофестивалінде "Азияның үздік актері" марапатын жеңіп алды. Отандасымыз бұл марапатқа Эльмира Гильманның "Күнбағыс" фильміндегі рөлі бойынша ие болды.
Актер құттықтаған барша қазақстандықтар мен жанкүйерлеріне instagram желісінде өз алғысын білдірді. Өзінің ғана жеңісі емес, түсірілім тобының да жеңісі екенін атап өтті. Сондай-ақ қазақстандық режиссер Эльмира Гильманға ыстық ықыласын жеткізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еркебұлан Дайыров 1986 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасазда туған. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.
2006 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.
2013 жылы Қазақстан жастар одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты атанды, 2015 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" орденінің иегері болды.
"Бауыржан Момышұлы", "Анаға апарар жол", "Қазақ елі", "Жұлдыздар тоғысқанда", "Тараз", "Алтын орда" секілді бірқатар фильмде ойнаған.