Ресей ғарышта фильм түсіреді

Ресей ғарышта фильм түсіреді
Фото: kino-teatr.ru

Ресей мемлекеттік комиссиясы "Вызов" көркем фильмін түсіру үшін ғарышқа ұшуға қатысуға үміткерлерді медициналық-шығармашылық іріктеуді аяқтады. Бұл фильмде басты ролде әйел ойнайды.

"Қарқынды жаттығулар 1 маусымда басталады", - деді Роскосмостың бас директоры Дмитрий Рогозин.

Оған ұшуға дайындық, парашютпен секіру, шұғыл жаттығулар кіреді.

"Вызов" көркем фильмі  Роскосмос Корпорациясы, 1 канал және Yellow, Black and White студияларының бірлескен жобасы, онда үлкен ғылыми және білім беру міндеттері қойылған.

"Біз Роскосмосқа ғылыми жобаны жүзеге асырып қана қоймай, сонымен бірге адамның күші, сүйіспеншілігі мен құштарлығы, зеректігі негізінде ғарышты игеру тақырыбын көтеруге көмектесеміз", - деді бірінші арнаның директоры Константин Эрнст.

Бұл жоба аясында 2020 жылдың соңында ғарышта түсірілетін алғашқы көркем фильмнің басты рөліне ашық конкурс жарияланған болатын. Іріктеудің шығармашылық кезеңінде кәсіби актрисаларға басымдық берілді, бірақ кез келген адам қатыса алады. 2021 жылы наурызда медициналық комиссиядан өту үшін байқаудың 20 финалисті таңдалды.

Фильмнің түсірілім тобы халықаралық ғарыш станциясына 5 қазанда, Том Круз және басқа америкалық актерлермен бір уақытта фильм түсіру үшін станцияға ұшады.

Айта кетейік, голливуд актері Том Круз өзінің кезекті фильмдегі рөлін сомдау үшін 2021 жылы ғарышқа ұшатынын хабарланған болатын.

Фильм негізінен Халықаралық ғарыш станциясында түсіріледі. Осыған байланысты актердің ұшуы ХҒС-ның рейстер тізіміне енгізілді. Ұшу 2021 жылдың қазан айына жоспарланған.

Актермен бірге кинорежиссер Даг Лейман да ХҒС-ке барады. Олар ғарыш станциясына Snake Mask's Crew Dragon кемесімен жетеді.

Мамыр айында АҚШ кәсіпкері Илон Маск ғарышта әлемдегі алғашқы фильмді түсіретіні белгілі болған еді. Бұл жобаға NASA да қатысады.

Жауынгерлік жанрда түсірілетін туындының әлі ресми атауы жоқ. Оның бюджеті 200 миллион долларға бағаланған.

Т. Раушанұлы