"Оскар – 2021": беделді сыйлықтың 93-ші салтанатты рәсімі қалай өтеді?

"Оскар – 2021": беделді сыйлықтың 93-ші салтанатты рәсімі қалай өтеді?
Фото: jesus.bingo

2021 жылы "Оскарға" ұсынылған фильмдер мен актерлар анықталған еді. Енді оның қалай өтетіні де белгілі болды.

Шоудың продюсерлері Стивен Содерберг, Стейси Шер және Джесси Коллинз COVID-19 пандемиясына байланысты беделді киносыйлықты тапсырудың 93-ші рәсімінің ережелері туралы айтып, әр номинантқа хат жолдаған.

"Оскар" онлайн түрінде тапсырылмайды

Сыйлық өкілдері номинанттарымен онлайн байланыс орнату нұсқасынан үзілді-кесілді бас тартты. Жеңімпаздар "Оскар" сыйлығын жеке өзі ала алады немесе Академия оларды өз атынан қабылдай алады. Бұрын хабарланғандай, марапаттау рәсімі бірнеше жерде өтеді. Олардың бірі дәстүрлі түрде шоу өтетін Лос-Анджелестегі Долби театры болады, ал екіншісі қонақтарды қарсы алатын Лос-Анджелестің Union Station ауласы болады.

"Біз кестеге немесе жол жүру қиындықтарына байланысты кешке қатыса алмайтындарға онлайн форматтың болмайтынын ескертеміз. Барлық қонақ үшін, әлемдегі миллиондаған киносүйер қауым үшін қауіпсіз және жағымды кеш өткізуге барымызды саламыз. Ал іс-шараның виртуалы бұл әрекеттің барлығын жоққа шығарады" - делінген хатта.

Үміткерлермен сұхбат

Номинанттардан алдын-ала сұхбат беріп, әрқайсысының жеке өміріндегі осы маңызды сәтке не әкелгені туралы әңгімелесу сұралады. Бұл оқиғалар кейін Оскар кезінде айтылады.

Дресс-код

Ұйымдастырушылар қатысушыларға сәнді киім киіп келуге қатаң талап қояды.

Қауіпсіздік ережелері

Рәсім өтетін жердің барлығы коронавирус пандемиясы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес болады. Биыл іс-шараға тек номинанттар, олардың қонақтары және «Оскар» иегерлері қатыса алады. Салтанатты шара басталмас бұрын, киноакадемия Union Station ауласында олар үшін 90 минуттық жиын өткізеді.

"Оскар-2021" 25 сәуірде Нью-Йорк уақытымен сағат 17:00-де беріледі. ABC телеарнасы бұл рәсімді тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, 2021 жылы "Оскарға" ұсынылған фильмдер мен актерлар белгілі болған едің.

Режиссер Хлоя Чжаоның "Көшпенділер елі", (Nomadland, Флориан Зеллердің "Әке" (The Father), Дэвид Финчердің "Манк" (Mank), Шаки Кингтің "Иуда және Қара Мессиа" (Judas and the Black Messiah), Ли Айзек Чунның "Минареи" (Minari) , Эмиральд Феннельдің "Үміт қызы" (Emerald Fennell), Дариус Мардердің "Металл дыбысы" (The Sound of Metal), Аарон Соркиннің "Чикаго жетілігін соттау" (The Trial of the Chicago 7) фильмдері  "Үздік фильм" номинациясына ие болды.

Хлоя Чжао, Эмиральд Феннель, Томас Винтерберг, Дэвид Финчер және Ли Айзек Чун "үздік режиссер" номинациясы бойынша бақ сынайды.

"Үздік актер" номинациясына Энтони Хопкинс ("Әке"), Риз Ахмад ("Металл дыбысы"), Гари Олдман ("Манк"), Стивен Анн ("Минари") және қайтыс болғаннан кейін Чедвик Боузман ұсынылды.

"Үздік актриса" номинанттарының тізіміне Фрэнсис Макдорман, Ванесса Кирби, Кэри Маллиган, Виола Дэвис және Андра Дэй енді.

Т. Раушанұлы