Google 2020 жылдың ең танымал актерін анықтады

Google 2020 жылдың ең танымал актерін анықтады
Фото: kinopoisk.ru

Google 2020 жылдың ең танымал актерлерінің тізімін жариялады. Көш басын Том Хэнкс бастады.

Том Хэнкс коронавирус жұқтырған соң желіде оны іздеушілер саны кұрт артқан. Одан кейін "Джокер" фильмі үшін "Оскарды" алған Хоакин Феникс тұр. Үштікті үнді актері Амитабх Баччан түйіндеді.

Ал Джада Пинкетт-Смит ең танымал әйел актриса атанды. Ол жалпы тізімде бесінші орынға жайғасқан. 

А. Рысдәулет