Оңтүстік Кореяда автоматтандырылған кинотеатрлар ашылды

Оңтүстік Кореяда автоматтандырылған кинотеатрлар ашылды
Фото: vk.com

Оңтүстік Кореяда кинотеатр иелері көрермен өзін қауіпсіз сезінуі және COVID-19 вирусын жұқтырып алудан қорықпауы үшін автоматтандырылған жүйе бойынша жұмыс істейтін болды. Variety басылымы хабарлауынша, бұл жүйе бүкіл әлемде алғаш рет қолға алынған. 

Мысалы, Ёыйдо аралындағы CJ-CGV кинотеатрлар желісінің залдарында қызметкерлерді роботтар алмастырды және билеттерді сатып алу және сканерлеуге арналған автоматты кассалар орнатылды. Сонымен қатар көрермендерге басқа адамдармен байланыссыз-ақ арнайы мобильді қосымша арқала тамақ пен сусындарға тапсырыс беруге мүмкіндік жасалған. 

Осыған ұқсас жүйе Lotte Cinema желісіне тиесілі 130 кинотеатрдың 22-сіне енгізілген. Келушілер билеттерді брондауға, айырбастауға, алуға және тағамдарға тапсырыс беру үшін AI киосктерді пайдалана алады.

Т. Раушанұлы