"Құбыжық пен сұлу" мультфильмінің карантиндік нұсқасы шықты
Фото: vk.com

"Құбыжық пен сұлу" мультфильмінің карантиндік нұсқасы шықты

Disney компаниясының "Құбыжық пен сұлу" мультфильмі пародиялық нұсқада жарық көрді. Классикалық туынды бүкіл әлемді шарлаған обаға байланысты өзгертілген.

Мұндай қадам жасаудың басты себебі – адамдарды үйде отырып, COVID-19 вирусымен күрес жолында өз үлесін қосуға шақыру.

Роликте Белль азық-түлік алу үшін қалаға аттанады. Жергілікті халық одан пандемияға қатысты қауіпсіздік шараларына бағынуын өтінеді.

Соңында Белль кітап дүкеніне кіріп, Стивен Кингтің бір туындысын таңдайды. Дүкеншіге қызуы көтеріліп тұрғанын айтып шағымданады. Бикештің маскасыз жүруі мен қолын жиі жумайтынын байқаған дүкен иесі тез қош айтысуға тырысады.  

Т. Раушанұлы