Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Лондонда Джеймс Бонд фильмінде қолданылған 5 қару ұрланды
Лондонда Джеймс Бонд фильмінде қолданылған 5 қару ұрланды

Лондон қаласының Солтүстігінде орналасқан Энфилд елді-мекеніндегі Олдерсбрук авенюінен Джеймс Бонд туралы фильмдер түсірілімі барысында пайдаланылған суық қарулар топтамасы қолды болды.

Жоғалған қарулар арасында 5 Beretta Cheetah, Tomcat, Smith & Wesson.44 Magnum және Walther PPK пистолеттері бар.

Полиция қызметкерлері шақырылған жерге жетіп үлгергенше ұрылар оқиға орнынан қашып кеткен. Куәгерлер айтуынша, 3 ер адам күміс түсті көлікке отырып, көзден ғайып болған.

Ұрланған заттардың жалпы құны 100 000 фунт стерлингті құрайды.

Дайындаған: Тұрсынбек Раушанұлы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 29 наурыз, 12:08