Оскар – 2020: Күтпеген нәтиже

Оскар – 2020: Күтпеген нәтиже
Фото: vk.com

Бүгін Лос-Анджелес қаласында Оскар марапатын салтанатты табыстау рәсімі өтті.  

Шарада корей режиссері Пон Чжун Хо түсірген "Паразиттер" фильмі бірден 4 аталым бойынша үздік шығып, үлкен жетістікке қол жеткізді. Бұл – басты аталым бойынша жеңген алғашқы шетелдік картина.

Жеңімпаздардың толық тізімі төмендегідей:

Үздік фильм
"Паразиттер" 

Үздік режиссер
Пон Чжун Хо ("Паразиттер") 

Үздік актриса
Рене Зеллвегер ("Джуди") 

Үздік актер
Хоакин Феникс ("Джокер")

Екінші пландағы үздік актриса
Лора Дерн ("Неке оқиғасы") 

Екінші пландағы үздік актер
Брэд Питт ("Бір күні Голливудта") 

Үздік түпнұсқа сценарий
"Паразиттер" 

Үздік адаптацияланған сценарий
"Кролик Джоджо" 

Үздік анимациялық фильм
"Ойыншықтар оқиғасы 4"

Шетел тіліндегі үздік фильм
"Паразиттер"

Үздік деректі фильм
"Америкалық фабрика" (режиссерлері Стивен Богнар, Джулия Райхерт)

Үздік оператор
Роджер Дикинс ("1917") 

Үздік композитор
Хильдур Гуднадоуттир ("Джокер") 

Үздік ән
(I'm Gonna) Love Me Again ("Рокетмен") 

Үздік монтаж
"Форд Феррариге қарсы" 

Үздік дыбыс монтажы
"Форд Феррариге қарсы" 

Үздік дыбыс
"1917" 

Үздік визуалды эффектілер
"1917" 

Үздік макияж бен шаш үлгісі
"Сенсация" 

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм
"Бұйрабас махаббат"

Үздік қысқаметражды деректі фильм
"Әскери аймақта қыз баланың скейт теуіп үйренуі" 

Үздік қысқаметражды көркем фильм
"Көршінің терезесі" 

Үздік қоюшый-суретші жұмысы
"Бір күні Голливудта" 

Үздік костюмдер
"Кішкене әйелдер" 

Т. Раушанұлы