"Қап-қара адам" фильмі қазақстандық кинотеатрда көрсетіліп жатыр

"Қап-қара адам" фильмі қазақстандық кинотеатрда көрсетіліп жатыр
Фото: vk.com

Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың "Қап-қара адам" фильмі қазақстандық кинотеарларда көрсетіліп жатыр.

Ол осы фильмі үшін Asia Pacific Screen Awards премиясына ие болды. Бұл Аустралиядағы Брисбен қаласында өткен премияның жабылу салтанатында белгілі болды.

Әділхан Ержанов аталған премияның "Үздік режиссер" номинациясын иеленген тұңғыш қазақстандық режиссер атанды. "Asia Pacific Screen Awards" (APSA) – кино саласындағы ең ірі әлемдік сыйлықтардың бірі және ЮНЕСКО және ФИАПФ (халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы Федерациясы) қолдауымен өткізіледі. Көбіне оны азиялық "Оскар" деп атайды.

"Қап-қара адам" фильмінің әлемдік тұсаукесері биыл 23 қыркүйек күні 67-ші Сан-Себастьян Халықаралық кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасында өтті. 

"Қап-қара адам" ауылда өлтірілген баланың тарихын баяндайды. Оны өлтірген Пукуар (Теоман Хос) есімді қылмыскерді жергілікті полиция тауып қойған. Тергеуші Бекзат (актер Данияр Алшинов) істі тез арада жылы жауып қойғысы келеді. Қаладан келген журналист Ариана (Динара Бақтыбаева) бұл іске араласқанда ғана шындық қылмыстық іс жанданады. Енді тергеушіге осы істі өмірінде бірінші рет барлық ережеге сай жүргізуіне тура келеді...

Т. Раушанұлы