Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / #MassFilm: Ақпанда көру керек 5 фильм

#MassFilm: Ақпанда көру керек 5 фильм

#MassFilm: Ақпанда көру керек 5 фильм

Соңғы қысқы тұсаукесерлердің арасында мелодраммалар да, комедиялар да және шынайы оқиға желісінде түсірілген фильмдер де бар. Назарларыңызға ақпан айында көруге болатын 5 фильмді ұсынамыз. 

1. Ерекшелер / Особенные / Hors normes

Бұл "1+1" картинасымен танылған Оливье Накаша мен Эрик Толеданоның "ерекше" адамдар жайлы түсірген француздық трагикомедиясы.
Айналамызда ондай адамдар көп. Олар метрода да, көшеде де, кафеде де бар. Адамдардың көпшілігі оларды көрмегендей түр салады, алайда оларға сіздің зейініңіз бен көмегіңіз керек. Картинада "ерекше" адамдар және өз өмірін соларға арнаған адам жайлы айтылады. Фильмде басты рөлдерді Венсан Кассель мен Реда Катеб ойнайды.

2. Сұлу / Сенсация / Bombshell

Фильм ең беделді медиакорпорацияның ішкі әлемін көрсетеді. Ол әлемді үш әйелдің көзімен көреміз. Олар – жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбандары. Фильм шынайы оқиға желісінде түсірілген. Картина өзінің актерлік құрамымен тартымды: басты рөлдерді Шарлиз Терон, Николь Кидман және Марго Робби сомдайды.

3. Итімнің аты – Ақымақ / Моя собака Идиот / Mon chien Stupide

Жазушы Анри шығармашылық күйзелісті өткеруде. Оған қоса әйелімен және есейген балаларымен қарым-қатынасы да дұрысталар емес. Бір күні Анри үйіне даладан ит алып келеді. Ол оның өмірін түбегейлі өзгертеді. Фильм комедия жанрында түсірілген.

4. Көзге көрінбейтін адам / Человек-невидимка / The Invisible Man

Фильм Герберт Уэллстің романы негізінде түсірілген. Бір қарағанда Сесилияның өмірі мінсіз көрінеді: үлкен үй, күйеуі – керемет ғалым-миллионер. Бірақ алып үйдің ішінде не болып жатқанын ешкім білмейді. Тіпті, түбегейлі ойластырылған қашудың өзі қақпан болып шығады. Көзге көрінбейтін аңдушыдан тығылу мүмкін емес.

5. Сиберг / Опасная роль Джин Сиберг / Siberg

60-жылдардың соңы. Француз жастарының сүйіктісі Джин Сиберг Лос-Анджелеске оралады. Жаңа рөлдерге ұсыныстар толып келуде, себебі ол – Голливудтың жаңа иконасы. Бірақ "Қара қабыландар" партиясының лидерімен болған роман Джинді арнайы қызметтің нысанасына айналдырады. Ол оның мансабын да, өмірін де құртуы мүмкін.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: youtube
Қосылған күні: 07 ақпан, 11:11

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->