Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Қазбат: тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан қазақ жауынгерлері

Қазбат: тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан қазақ жауынгерлері

Қазбат: тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан қазақ жауынгерлері

17 қарашада Алматыда "Қазбат" толықметражды фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Фильм 21 қарашадан бастап барлық кинотеатрларда көрсетіледі. Massaget.kz фильмге арқау болған оқиға жайын жазғанды жөн көрді.

Тәжік-ауған шекарасына аттанған қазақстандық жауынгерлер

1993 жылы Тәжікстанда азамат соғысы басталды. Осы кезеңде жаңадан құрылған ТМД елдерінің басшылары ұйымға мүше Тәжікстанға қол ұшын беруге келісті. Елдің Ауғанстанмен шекараласатын аймағы қауіпті болғандықтан, бұл шептің қорғанысын нығайту үшін ТМД елдерінің Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей армиясынан жасақталған бітімгер жауынгерлері аттандырылды. Бұл оқиға жайын сол кезеңдегі ҚР шекара қызметінің штаб басшысы Александр Сәрсембеков былай хабарлаған еді.

"Тәжікстан Республикасының шекара қызметін нығайтуға арналған батальон 500 адамнан құралған. Олар шекара қызметінің, ішкі әскер, ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері. Іріктеу өз еркімен ұсыныс білдірген жауынгерлер арасында жүрді және олардың саны көп. Қызмет үшін төленетін жалақы мөлшері де жоғары. Отанға оралғаннан кейін әр сарбазға 50 мың теңге көлемінде қаржы беріледі. Қызмет мерзімі – 3 ай", - деді сол кезеңде Александр Сәрсембаев.

Қазақ армиясынан аттанған жауынгерлер бұл шекараны 8 жыл қорғады. Осы уақыт аралығында мыңдаған қазақстандық бұл шепте қызмет етті. Алайда 1995 жылдың көктемінде аттанған топ қанды оқиғаға тап болды.

1995 жылдың 7 сәуірі. Тәжік-ауған шекарасы. Пшихарв шатқалы

1995 жылдың көктемінде Ауғанстан жақтан Тәжікстан оппозициясының ірі қарулы тобы Пшихарв шатқалына жақын жүргені анықталып, соның салдарынан Тәжікстан Қарулы күштері бұл аймаққа шекаралық бекет тұрғызды. Осы жылдың 7 сәуірінде заңсыз қаруланған топ шатқал маңында шекарашы жауынгерлерге оқ атып, қарулы қақтығыс орын алды. Бұл уақытта шекара шебін қазақстандық жетінші рота қорғап тұрған еді. Түс мезгілінде басталған ұрыс 5 сағатқа созылып, салдарынан 33 қазақстандық сарбаз жарақаттанса, 17 жауынгер қаза тапты.

Шабуылдың алғашқы минутында шекарашылар жағында адам шығыны болды, оның үстіне взвод командирлері қаза тапты. Алайда аман қалған жауынгерлер бірден қарымта тактика ұйымдастырып, қарсы шабуыл жасай білді. Батальон командирі орынбасары жараланғанда, ротаға басшылық жасауды сержант Марат Ахметов мойнына алып, қарсы топқа тойтарыс береді. Көп кешікпей Қазбат командирі Юрий Лобачев көмекке келеді. Лейтенант Игорь Дьяченко кеудесіне оқ тиіп жараланғаны қарамастан, өзіне сол мезетте медициналық көмек көрсетіп, одан кейін басқа жаралыларды да өлімнен арашалаған. Бірнеше сағаттан кейін әуеден және құрлықтан Ресей армиясынан жасақталған топ көмекке келіп, нәтижесінде қарулы топ қашуға мәжбүр болады. Шабуыл тоқтап, атыс тынышталғанда барлығы 100-ден астам адам мерт болып, 150-ге жуық жауынгер жаралы болғаны анықталды.

Қазақ батальоны сапында қызмет етіп, жат жұртта қаза болған жауынгерлер тізімі төменде:

Еркін Байғабылов, Бауыржан Далабаев, Имомаддин Жуматов, Дастан Нұрметов, Тахир Раимжанов, Еркебұлан Макажанов, Радик Қаймулдиев, Ержан Әбдиев, Жақсылық Жансүгіров, Ербол Бекебаев, Қанат Едырышов, Ержан Байбағысов, Ербол Исабаев, Михаил Мартыненко, Анатолий Мешков, Алихан Өгізбаев, Қалмахан Бақбаев.

Жауынгер жігіттерді еске алып, олардың ерлік хикаяттарын баяндау, болашақ ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялату мақсатында жарық көрген "Қазбат" туындысы 21 қарашадан бастап барлық кинотеатрларда қазақ, орыс тілдерінде көрсетіледі. Сонымен қатар 2020 жылдың 7 сәуірінен бастап Қазақстан ұлттық арнасынан сериал ретінде көрерменге жол тартады. Фильм режиссері – Асқар Ұзабаев, продюсер – Данияр Ибрагимов. Фильмнің идеясын ұсынған – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов. Шынайы оқиға негізінде түсірілген көркем туындыны "АЮ СИНЕМА" кинокомпаниясы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қолдауымен түсірді.

0
Рейтинг: +4

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: zakon.kz
Қосылған күні: 19 қараша, 15:38

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.