Көпшілік "Джокер" фильмінен соң Хоакин Феникстің керемет актер екенін мойындады. Сыншылар ол Джокер рөлі үшін Оскар-2020 жүлдесін алатынын болжап үлгерді.
Бірақ жүлдені күтіп, бос отыру Хоакин Феникске тән емес, ол жаңа жобаға кірісіп кетті. Қарашада режиссер Майк Миллздің "C’MON C’MON" деп аталатын жаңа фильмінің түсірілімі басталды. Онда басты рөлді Хоакин Феникс ойнайды.
Ол бұл картинада дарынды балалар туралы жоба түсіретін Джонни есімді режиссер-документалистті ойнайды. Мұндай балалардың бірі – режиссердің інісі (племянник). Бұл баланың әкесі биополярлы ауытқушылықпен (көңіл күйдің лезде ауысуы) ауыратындықтан түсірілім процесі қиындап кетеді.
Фильмде Феникспен бірге Гэби Хоффманн ойнайды. "C’MON C’MON" фильмі экранға 2020 жылы шығады деп жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, "Джокер" америкалық драмасы R категориясындағы картиналар арасында ең кассалық фильмге айналып, рекорд жаңартты. Кезінде кассалық фильмге айналған басқа да атақты фильмдер туралы мына жерден оқи аласыз.