Кинорежиссер Әділхан Ержанов "Қап-қара адам" фильміндегі жұмысы үшін "Үздік режиссер" номинациясына "AsiaPacific Screen awards-2019" сыйлығына ұсынылды. Сыйлық берудің салтанатты рәсімі 21 қарашада Аустралияның Брисбэн қаласында өтеді. "Asia Pacific Screen Awards" (APSA) кино саласындағы ең ірі әлемдік сыйлықтардың бірі болып табылады және ЮНЕСКО және ФИАПФ (халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы Федерациясы) қолдауымен өткізіледі. Оны жиі азиялық "Оскар" деп атайды.
"Қап-қара адам" фильмі "Short Brothers" және "Arizona Productions" компанияларының қатысуымен "Astana Film Fund" компаниясымен түсірілген. Картинаның әлемдік тұсаукесері биылғы жылдың 23 қыркүйегінде Сан-Себастьяндағы 67-ші Халықаралық кинофестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасы аясында өтті. Фильм қазақстандық прокатқа келесі жылы шығады.
Номинацияны тағайындау үшін APSA сыйлығының ұйымдастырушылары жыл сайын әлемнің 70 елінің картиналарын қарайды. Бұған дейін режиссердің екі картинасы номинацияларға ие болған: "Үкілі Камшат" 2014 жылы "Үздік фильм" және "үздік операторлық жұмыс" үшін және "Әлемнің ерке енжарлығы" 2018 жылы "Үздік фильм" және "Үздік сценарий" үшін. Сонымен бірге, Әділхан Ержанов APSA академиясыныңқұрметті мүшесі болып табылады.
"Қап-қара адам" ауылда өлтірілген баланың тарихын баяндайды. Тергеуші Бекзат (актер Данияр Алшинов) істі тез арада жабқысы келеді, себебі кінәліні – зиянсыз ақымақ Пукуарды (ТеоманХос) - жергілікті полицейлер тауып қойған. Тек қаладан келген журналист Ариана (Динара Бақтыбаева) іске араласқанда ғана, іс орнынан қозғалады. Енді тергеушіге осы істі өмірінде бірінші рет барлық ережелерге сай жүргізуге тура келеді...
Фильмнің басты продюсерлері Ақан Сатаев пен Эрнар Құрмашев. Сценарий авторлары Әділхан Ержановжәненидерландтық Ролоф Ян Миннебоо. Халықаралық ілгерілету бойынша продюсер - Ольга Хлащева, атқарушы продюсер – СерикАбишев, екеуі де режиссердің барлық фильмдерінде жұмыс істеген. Фильмнің операторы ресейлік Айдар Шәріпов, Ержановпен бұрын "Әлемнің ерке енжарлығы" фильмінде жұмыс атқарған. Қоюшы суретші-режиссер ЕрмекӨтегенов, режиссердің тағы біртұрақты серіктесі. Фильмнің әуенін атақты музыкант Ғалымжан Молданазаржазды.
"Қап-қара адам" әлемдік баспасөз басылымдарында жақсы қабылданды: фильмді режиссердің ең үздік картинасы деп атады, "жылдың ең күрделі және таңғажайып фильмдерінің бірі", "Сан-Себастьяндағы фестивальдің конкурстық бағдарламасының ең жарқын және гипнотикалық фильмі", "Керемет...және мінсіздікке жақын" деген теңеулер болды. Ержанов картинасында әлемдік кинокритиктер Эмир Кустурица, Федерико Феллини және Квентин Тарантиноның шығармашылығымен параллельдер көрді.
"Бұл фильмді режиссура үшін номинациялағаны қуантады, бірақ менің ойымша, бұл номинация жиынтығында фильммен жұмыс істеген актерлердің, суретшілердің, оператордың және басқа да кәсіби мамандардың еңбегінің жемісі", – деді Әділхан Ержанов.