#MassFilm: Қазан айында шығатын фильмдер

#MassFilm: Қазан айында шығатын фильмдер
Фото: shikimori.one | pastemagazine.com | kino-teatr.ru | nerdbot.com

Күздің екінші айында жарыққа түрлі жанрдағы фильмдер жарыққа шығады. Әсіресе, хоррорды жақсы көретіндерді қазан айы жақсы жаңалықтармен қуантпақ. Одан бөлек, балалар үшін бұл ай табысты болмақ. Өйткені, мультфильмдер саны өткен айдағыдан әлдеқайда көп.

3 қазан

Олжа / Prey
Ел: АҚШ
Жанр: хоррор, триллер, детектив, шытырман
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу prey film 2019

Ата-анасын тілін алмай, ойына келгенде істейтін жасөспірімді қайта тәрбиелеу үшін тірі жансыз аралға апарып тастайды. Бірақ, жасөсіпірім аралда жалғыз емес екінін ұғады… 

Джокер / Joker
Ел: АҚШ, Канада
Жанр: триллер, драма, криминал
Жас шектеуі: 18+

Картинки по запросу Joker film 2019

Готэм, 1980 жылдардың басы. Артур Флек атты сайқымазақ өзінің ауру анасымен бірге тұрады. Әлемге жақсылық жасап, адамдаға қуаныш сыйлауға тырысақан ол қатыгездіктің құрбаны болады. Кейін ол оның қайырымдылыққа толы күлкісінен қайыр жоғын ұғып, әлемге жауыз Джоекердің "күлкісін" сыйлайды. 

Ұсқынсыз / Abominable
Ел: АҚШ, Қытай
Жанр: отбасылық, комедия, шытырман, комедия
Жас шектеуі: 6+

Картинки по запросу Abominable film 2019

Лу ірі қала көшелерінің бірінен алып бірақ сүйкімді құбыжықты кездестіреді. Лу өзінің жаңа досының үй Эверест екеніне сенімді. Кішкентай балақай мен йети Эверестке аттанады.

Азап / Haunt
Ел: АҚШ
Жанр:  триллер, хоррор
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу Haunt film 2019

Күз айларында жарыққа шығатын хоррор жанрындағы фильмдер саны артады. Өйткені, бұл уақытта Хэллоуин тойланады. Фильмдегі оқиғада осы "мерекемін" тығыз байланысты."Қорқыныш бөлмесіне" аттанған студенттер тобы оның жай ғана ойын емес, нағыз азапты орта екенідігін ұғады. 

Құпия сақтай аласың ба? / Can You Keep a Secret?
Ел: АҚШ
Жанр: мелодрама, комедия
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу можешь хранить секрет фильм

Әрбір қыз баласының ешкімге айтпайтын құпиясы бар. Бірақ, кейде танымайтын бөгде адамға қалай айтып қойғанымызды білмейміз. Басты кейіпкерде ұшақта қасына отырған бейтаныс адамға өзінің бар құпиясын жайып салады. Әлемнің тар екені соншалықты, бейтаныс жігіт өзінің жаңа бастығы болып шығады.

10 қазан

Нью-Йорктегі жаңбырлы күн / A Rainy Day in New York
Ел: АҚШ
Жанр: мелодрама, драма
Жас шектеуі: 14+

Картинки по запросу a rainy day in new york 2019

Ол — Нью-Йорктегі бақуатты отбасынан, ал бойжеткен болса Аризондағы шағын қалашықтан. Манхэттенде ер жеткен жас жігіт оған өзінің сүйікті қаласын көрсеткісі келеді. Қыз үлкен қалаға атақты режиссерден сұхбат  алу үшін аттанады. Жаңбырлы күн екі жастың тағдырын түбегейлі өзгертеді. Жігіт өзінің ескі досын кездестірсе, қызды жұлдыздар әлемі өзіне баурап алады. 

Сыңар / Gemini Man
Ел: АҚШ, Қытай
Жанр: мелодрама, әскери, триллер
Жас шектеуі: 12+

Картинки по запросу Gemini Man 2019

Генри Броган —  кәсіби киллер. Кенет оның әр қадамын біліп отыратын белгісіз адам ізіне түседі. 

Мен сені сүйемін / Я тебя люблю
Ел: Қазақстан
Жанр: мелодрама
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу Я тебя люблю 2019  казахстан

Анасы Жаннаның айтқанымен жүретін Сара – жас әрі беделді әнші. Бір қойылымнан сол ол боксшы Бекпен танысады. Олар бір-біріне ғашық болып, кездесе бастайды. Ал, Жанна болса олардың қарым-қатынасына қарсылық білдіреді.

17 қазан

Малефисента: Түнек иесі / Maleficent: Mistress of Evil
Ел:
АҚШ
Жанр: қияли, отбасылық, шытырман
Жас шектеуі: 12+

Картинки по запросу Maleficent: Mistress of Evil

Аврораны аман алып қалғаннан кейін Малефисентаның оған аналық махаббаты арта түседі. Бірақ, уақыт өте келе болашақ патшайым өзге таныстар табады. Малефисента бұны құп көре қоймайды. Олардың қарым-қатынасындағы түсініспеушіліктің арты өзара шайқасқа ұласады.

Мәтін / Текст
Ел: Ресей
Жанр: драма, триллер
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу текст фильм 2019

Фильмнің басты кейіпкері – жалған жала жабылып, жазықсыз түрмеде отырып шыққан Илья Горюнов. Бостандыққа шыққанымен, ол бұрынғы алаңсыз өміріне орала алмайды. Сондықтан өзін түрмеге жапқан адамнан кегін алуға бел буады. 

24 қазан

Күлбике мен шарасыз ханзада / Cinderella and the Secret Prince
Ел: АҚШ
Жанр: отбасылық, шытырман, мультфильм
Жас шектеуі: 6+

Картинки по запросу Cinderella and the Secret Prince

Перілер көмегімен Күлбике Патша сарайында өтіп жатқан шеруге тап болады. Бірақ, Күлбике жалмауыз кемпір ханзаданы тышқанға айналдырып жібергенін біліп қояды. Күлбике мен оның достары ханзаданы құтқару үшін қауіпті сапарға аттанады. 

Фонзо / Fonzo
Ел: АҚШ, Канада
Жанр: биография, криминал, драма
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу Fonzo

Картина түрмеден шыққан Аль Капоне естеліктеріне құрылған. Денсаулығы, беделі мен достарынан айырылған ол өзінің өткен өмірі мен қылмыстарын айтады.  

Жаңбыр астындағы жылдамдық өнері  / The Art of Racing in the Rain
Ел: АҚШ, Канада
Жанр: комедия, драма
Жас шектеуі: 12+

Картинки по запросу The Art of Racing in the Rain

Энцо атты ит үшін өмір жылдамдықтан тұрады. Жас көлік жарысының қатысушысы Дэнни өзінің иті Энцоға жылдамдықтың не екенін ұқтырады. Олардың өздеріне тән жылдамдық әлемі бар: бірақ ереже бір. Жеңіс –  бәсекелестеріңді артта қалдыру емес, жолдың тайғақ болғанына қарамастан қайта оралу.

Көп аталы  / Многодедный
Ел: Қазақстан
Жанр: комедия
Жас шектеуі: 14+

Картинки по запросу Многодедный

Ерке, қолынан түк келмейтін, жауапсыз жас жігіт әкесі “құтылуға” бұйрық берген қарттар үйіне тап болады. Бірақ, ол бұл шығын мекеннен ашық-жарқын, көңілді қарттармен бірге олардың жалғыздыққа толы өмір хикаяларымен танысады.

Окей, Лекси / Jexi
Ел: АҚШ
Жанр: комедия
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу Jexi

Фил телефонысыз өмірін елестете алмайды. Ол жаңа телефон сатып алып, онда жаңа "Лекси" атты қызмет түрінің барын байқайды. Лекси жасанды сана, ол жігіттің ұстазы, витуалды көмекшісі мен қолдаушысы болады. Оның көмегімен ол шынайы өмір сүре бастайды. Сонымен қатар, оның телефонға тәуелділігі де азая бастайды. Бірақ, Лекси оны қызғанып, өмірінің астаң кестеңін шығарады.

31 қазан

Терминатор: тағдырдың қараңғы тұстары/ Terminator: Dark Fate
Ел: АҚШ, Қытай
Жанр: қияли, шытырман, әскери
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу Terminator: Dark Fate

Сара Коннор терминаторлардың ізіне түсіп, болашақтан келген роботтарды жоюмен айналысады. Оның мақсаты роботтарды ұлы Джонның жанына жақындатпау болатын. Бірақ, ол жартылай адам, жартылай робот Грейсті кездестіреді. Олар адамзат тағдырымен тығыз байланысты Дани Рамосты құтқару үшін бірегеді. 

Аддамс отбасы/ The Addams Family
Ел: АҚШ, Ұлыбритания, Канада
Жанр: қияли, шытырман, мультфильм,комедия
Жас шектеуі: 6+

Картинки по запросу the addams family 2019

Аддамс отбасының әкесі жаңбырлы күнді жақсы көреді. Анасы қара түсті ең ашық түс санайды. Балалар үшін қабір – ең жайлы ойын алаңы. Ал, әжелері ұйқы алдында у ішеді. Таныс болыңыздар, бұл – Аддамс отбасы.

Қызыл туфли және жеті ергежейлі / Red Shoes
Ел:
Оңтүстік Корея
Жанр: қияли, шытырман, мультфильм,комедия
Жас шектеуі: 6+

Похожее изображение

Ергежейліге айналған ханзадалар дуаны бұзу үшін қылы туфлиді іздейді. Фильм "Ақшақар" мультфильміне пародия ретінде түсірілген. 

Табиғат ұрпақтары / Tenki no ko
Ел: Жапония
Жанр: қияли, шытырман, мультфильм,аниме
Жас шектеуі: 12+

Картинки по запросу Tenki no ko

Жоғары сынып оқушылар Ходака Морисима туған қалашығынан Токиоға көшіп келеді. Қосымша табыс табу үшін, тылсым дүниелер туралы жазатын журналға жұмысқа орналасады. Бірде ол Хина Амано есімді ауа райын басқара алатын қызбен танысады. 

Т. Есқали