#MassFilm: Қыркүйек айында шығатын фильмдер

#MassFilm: Қыркүйек айында шығатын фильмдер
Фото: kinopoisk.ru / brod.kz

Жаз аяқталып, сырға толы қыркүйек айы жақындап келеді. Студенттер мен оқушылар үшін жаңа оқу жылы басталса, кино әлемі жаңа әрі қызықты фильмдерге толмақ. Күздің алғашқы айында жарыққа шығатын фильмдер топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.

5 қыркүйек

Қайда жоғалдың, Бернадетт? / Куда ты пропала, Бернадетт?
Ел: АҚШ

Жанр: драма, комедия, детектив
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу Куда ты пропала, Бернадетт

Талантты сәулетші Бернадеттің өмірінде бәрі бар: зәулім үй, ерке қызы, сүйікті әрі бай күйеуі. Бірақ, оның өміріне өзіне қажетті жұмысы жетпейді. Бір күні ол із-түссіз жоғалаып кетеді. 

Ол 2 / Оно 2
Ел: АҚШ, Канада
Жанры: хоррор, триллер
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу it 2

Басты кейіпкерлер сайқымазақ Пеннивайзбен кездескелі арада 27жыл өтті. Кенеттен келген хабарлама олардың басын қайта біріктіреді.

Қауіпті құпиялар / Опасные секреты
Ел: Ұлыбритания, АҚШ
Жанр: триллер, драма, әскери, биография
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу опасные секреты 2019

Британ тыңшысы Кэтрин Ган америклық және британ билігінің заңсыз түрде Ирак шекарасына басып кіру жоспарын электронды хат арқылы халыққа жари етеді. Кэтрин мен оның қорғаушысы оның әрекетін ақтау үшін тырысады. Қауіпке оның өмірі, еркіндігі мен отбасы ілігеді. 

12 қыркүйек

Тағайындалған жер: смайл / Пункт назначения: Смайл
Ел: Канада, Норвегия, АҚШ

Жанр: Детектив, хоррор, триллер
Жас шектеуі: 18+

Картинки по запросу polaroid 2019

Жоғары сынып оқушысы Бёрд, антиквар дүниелер сататын дүкеннен ескі Polaroid фотоаппаратын сатып алады. Кейін өзінің әріптестерінің суретке түсіреді. Кешкісін құрбысымен кешке барып, барлық достарын суретке түсіреді. Сол түні өзінің әріптесінің қаза тапқанын естиді. Кейін Бёрд келесі кезек кімге келгенін суреттерге қарап біле бастайды.  

Алаяқтар / Стриптизёрши
Ел: АҚШ

Жанр: комедия
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу hustlers 2019

Олар — ашық жарқын, өте тартымды. Олар — Уолл-Стрит қаржыгерлері жиі көңіл көтеретін түңгі клубтың бишілері. Бірақ, дағдарыс кезінде олар өздерінің жинап жүрген ақшаларының бір-ақ сәтте айырылады. Олар жоғалтқан ақшаларын қайтарудың жолын іздей бастайды. 

Патша демалысы / Королевские каникулы
Ел: АҚШ, Канада
Жанр: комедия, мультфильм
Жас шектеуі: 6+

Картинки по запросу Королевские каникулы

Иттер патшалығының ханзадасы айналасындағы рақымсыз туыстары мен байлықтан шаршап, көшеге ескертусіз шығып кетеді. Енді сарайына қайта оралғысы келеді. Ол үшін жаңа достар табу керек.  

Патшалық / Царство
Ел: Жапония

Жанр: экшн, әскери, тарихи
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу Царство 2019

Қытай. Екі алып патшалықтың арасындағы ұлы шайқас. Қарапайым халық арасында өскен екі жетім әскери қызметке орналасуды армандайды. Олардың күші өмір сүріп, әлемді өзгертуге жетер ме екен?

19 қыркүйек

Шыбық / Щегол
Ел: АҚШ

Жанр:драма
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу Щегол фильм

Анасын Метрополитен-мұражайындағы теракт кезінде жоғалтып алған жас бала Теодор Деккердің басынан кешкен оқиғасын баяндайды. Жарылыс кезінде, өлім аузында жатқан шалдан Карел Фабрициустің сирек туындысы мен сақинасын алады. Сол сәттен бастап оның өнер жолына қадамы бастау алады. 

Тілектер бөлмесі / Комната желаний
Ел: Франция, Бельгия,

Жанр: триллер, хоррор, қияли
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу Комната желаний фильм

Жас жұбайлар жаңа үйге көшіп келеді. Үйде жөндеу жұмыстарын жасап жүріп, тылсым бөлмеге тап болады. Кенет ол бөлменің кез келген тілекті орындайтынына куә болды. Ақша, керемет киімдер, байлыққа қол жеткізген олар өздеріне көптен күткен нәрестені тілейді. Бірақ, бұл тілектің құны соншалықты үлкен болады деген ой саналарына мүлдем келмеген еді.

Рэмбо: ақтық дем / Рэмбо: Последняя кровь
Ел: АҚШ

Жанр: триллер, вестерн, шайқас, шытырман
Жас шектеуі: 18+

Картинки по запросу рэмбо последняя кровь фильм

Ол өмір бойы құпиямен өмір сүріп келеді. Бірақ, өткенге тура қарайтын кез келді. Рэмбо қайтадан қауіпті жол — кек жолына оралады. 

Кеше / Вчера
Ел: АҚШ, Ұлыбритания

Жанр: драма, қияли
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу yesterday film

Басты кейіпкер Джек Малик талай сәтсіздіктерден кейін өзінің музыкалық манабына нүкте қойған болатын. Бір күні бүкіләлемдік электр көзі істен шығады. Сол уақытта жол апатына ұшыраған ол өзге әлемде есін жияды. Айналасындағылар Битлз тобы туралы естімегеніне, оларды білмегеніне көзі жетеді. Топ туралы білетін ол олардың әндерін орындай бастайды. Кенеттен рок жұлдызға айналып шыға келеді. 

26 қыркүйек

Жұлдыздарға / К звездам
Ел: АҚШ, Бразилия

Жанр: драма, қияли, шытырман
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу к звездам фильм

20 жыл бұрын ғарышқа аттанып, із түссіз жоғалған әкесін іздеп Галактикаға аттанған инженердің басынан кешкендерін баяндайды. 

Тойдан кейін / После свадьбы
Ел: АҚШ

Жанр: драма
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу После свадьбы 2019

Изабель өмірін өзгелерге көмектесуге арнайды.Бір күн оған үлкен компанияны басқаратын әйел адам миллиондаған қаражатты қайырымдылыққа жұмсауға әзір екендігін айтады. Олардың алғашқы кездесуі сәтті өтеді. Бірақ, бәрі Изабель әріптесінің күйеуін кездестірген сәтте өзгереді. 

27 қыркүйек

Томирис
Ел: Қазақстан
Жанр: тарихи драма
Жас шектеуі: 14+

Картинки по запросу томирис 2019

Парсы патшасы Кирмен шайқасқан сақ патшайымы Томиристің өмір жолын сипаттайтын фильм.

Т. Есқали