Кит Харингтон – Marvel әлемінің жаңа қаһарманы

Кит Харингтон – Marvel әлемінің жаңа қаһарманы
Фото: super.ru

"Тақтар ойыны" сериалында Джон Сноу рөлімен танылған британдық актер Кит Харингтон "Өлмейтіндер" (Eternals) деп аталатын суперқаһармандар туралы франшизаға қосылды. Бұған дейін осы картинада Анджелина Джоли ойнайтыны айтылды. Кит Харингтон "Қара Сері" атымен белгілі Дэйн Уитманның рөлін ойнайды. Бұл туралы Marvel киностудиясының басшысы Кевин Фейдж хабарлады.

1976 жылы суретші Джек Кирби жасаған "Өлмейтіндер" комиксында жоғары қабілеттері бар адамдар туралы айтылады.

Картина Marvel кинематографиялық әлемінің жаңа кезеңінің аясында шығады. Оның тұсаукесері 2020 жылдың қараша айына жоспарланып отыр.

А. Жапатова