Forbes – 2019: Еңбегі жоғары бағаланатын актерлер

Forbes – 2019: Еңбегі жоғары бағаланатын актерлер

Forbes әдеттегідей еңбегі жоғары бағаланатын актерлер тізімін ұсынды. Рейтинг жасау барысында 2018 жылдың 1 маусымы мен 2019 жылдың 1 маусымы аралығындағы көрсеткіштер ескерілген.

Бірінші сатыға $ 89,4 миллион тапқан Дуэйн Джонсон жайғасты. 47 жастағы актер осы бір жыл аралығында "Рэмпейдж", "Аспанмен таласқан ғимарат", "Форсаж: Хоббс мен Шоу" аталатын картиналарға түсіп үлгерген. Сондай-ақ спорттық киім шығаратын Under Armour компаниясымен бірлесе жұмыс істеген.

Екінші орындағы Крис Хемсворт биыл $ 76,4 миллион тапқан. Ол кіші Роберт Дауни, Брэдли Купер, Крис Эванс пен Пол Радд сынды актерлер тобымен бірге "Кек алушылар: Финал" фильміне түсті. Аталған картина прокатта $ 3 миллиард жинап, рекорд жаңартқан еді. Төртінші саты Болливуд актері Акшай Кумарға ($ 65 миллион) тиесілі. Үздік ондықты $ 35 миллион ақша тапқан Уилл Смит қорытындылайды. Былтыр үздік атанған Джордж Клуни бұл рейтингке енбеді.

Журнал еңбегі жоғары бағаланатын актерлерді Nielsen, ComScore, Box Office Mojo және IMDB компаниялары мен кино өндіріс сарапшылары жасаған зерттеулерге сүйене отырып анықтайды.

Сонымен, актерлер кірісінің нақты саны төменде көрсетілген:

1. Дуэйн Джонсон — $ 89,4 миллион
2. Крис Хемсворт — $ 76,4 миллион
3. Кіші Роберт Дауни — $ 66 миллион
4. Акшай Кумар — $ 65 миллион
5. Джеки Чан — $ 58 миллион
6-7. Брэдли Купер — $ 57 миллион
6-7. Адам Сэндлер — $ 57 миллион
8. Крис Эванс — $ 43,5 миллион
9. Пол Радд — $ 41 миллион
10. Уилл Смит — $ 35 миллион

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Жарақат алған жұмысшының еңбекақысы қалай беріледі?
Жарақат алған жұмысшының еңбекақысы қалай беріледі?
Елімізде кинотеатрлар 26 қазанда ашылады
Елімізде кинотеатрлар 26 қазанда ашылады
SpaceX орбитаға тағы 60 жерсерік шығарды
SpaceX орбитаға тағы 60 жерсерік шығарды
Көлікті алдын ала тапсырыспен алу соқыр сенім бе әлде тиімді салым ба?
Көлікті алдын ала тапсырыспен алу соқыр сенім бе әлде тиімді салым ба?
Дене тәрбиесі жайлы нақыл сөздер
Дене тәрбиесі жайлы нақыл сөздер
Жерге тоңазытқыш көлеміндей астероид жақындап келеді
Жерге тоңазытқыш көлеміндей астероид жақындап келеді