"Түн құдайы" Қазақстанда шектеулі прокатқа шықты

"Түн құдайы" Қазақстанда шектеулі прокатқа шықты
Фото: vk.com

Әділхан Ержановтің "Түн құдайы" фильмі кешеден бастап қазақстандық шектеулі прокатқа шықты. Бұл кинотуындыны Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз және Қарағанды қалаларының кинотеатрларында көруге болады. Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша "Қазақфильм" киностудиясында  түсірілген. 

Драма/фэнтези жанрында түсірілген "Түн құдайы" кинотуындысы  қаңырап қалған қалада тентіреп жүрген, шаршаған, суықта тоңып қалған әлдебір Түн құдайы жайлы көрсетеді. 

Естеріңізге сала кетейік, "Түн құдайы" фильмінің әлемдік тұсаукесері 2018 жылы ХХХХ Мәскеу халықаралық кинофестивалінің негізгі байқауында өткен болатын. Сонымен қатар,  картина алдыңғы жылы  Париждегі L’Etrange Film Festival және Индонезиядағы NETPAC Asian Film Festival кинофестивальдеріне қатысқан. Ал 2019 жылы Үндістанның Bengaluru International Film Festival-не қатысқан. 

А. Оралқызы