Disney: "Су перісі" ремейкінде ханзаданы кім сомдайды?

Disney: "Су перісі" ремейкінде ханзаданы кім сомдайды?
Фото: vk.com

One Direction тобының бұрынғы мүшесі және Gucci брендінің негізгі жұлдызы Гарри Стайлз баршаның сүйікті ертегісіндегі Эрик ханзаданың рөлін сомдайды.

Осыған дейін Disney компаниясы су перісі Ариэль туралы ертегіні қайта экранизациялайтын хабарлаған болатын. Енді өздеріңіз көріп тұрғандай, басты кейіпкерлерді кім сомдайтыны ақырын анықтала бастады.

1989 жылы шыққан туындының ремейк нұсқасында су перісін  белгілі әнші-орындаушы Хэлли Бейли сомдайды. Жас дарын туған әпкесі Хлоямен бірге  Chloe x Halle тобында ән шырқайды. Бұл рөлге бекітілген адамның әншілік қасиеті болғаны өте маңызды, себебі туынды мюзикл іспетті әуенге тікелей байланысты болады.

Фильмде Урсула рөлін комедиялық кейіпкерлерімен танымал Мелисса Маккарти сомдайды деген болжам бар. Ертегінің түсіріліміне қатысты белгілі ақпараттар қатары осы ғана. Алдағы уақытта әдемі махаббат оқиғасындағы басқа кейіпкерлерді кім сомдайтыны хабарланады.

А. Оралқызы