Әділxан Ержановтың "Түн құдайы" фильмі Канадада өтетін фестивальға қатысады

Әділxан Ержановтың "Түн құдайы" фильмі Канадада өтетін фестивальға қатысады
Фото: vk.com

2019 жылдың 11 шілдесінен 01 тамызға дейінгі аралықта Монреаль қаласында (Канада) өтетін «FANTASIA International film Festival» кинофестивалінің  «Camera Lucida»  конкурстық бағдарламасына Әділхан Ержановтың «Түн құдайы» фильмі қатысады.  Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» АҚ түсірген. 

Драма/фэнтези жанрында түсірілген «Түн құдайы» кинотуындысы   қаңырап қалған қалада тентіреп жүрген, шаршаған, суықта тоңып қалған әлдебір Түн құдайы жайлы көрсетеді. 

Картинада барлық департаменттердің – актерлердің, суретшілердің, операторлардың еңбектері бар. Олардың жұмыстары абстрактылы сюжет ретінде ұсынылды. Жалпы алғанда, Канадада өз көрермендері болатынына қуаныштымын, - деді режиссер Әділхан Ержанов.  

FANTASIA фестивалі ұйымдастырушыларының айтуынша,  бұл бағдарлама  – экспериментальді «ерекше, өзіндік, жаңашылдықты» көрсететін фильмдерге арналған. 

Естеріңізге сала кетейік, «Түн құдайы» фильмінің әлемдік тұсаукесері 2018 жылы ХХХХ Мәскеу халықаралық кинофестивалінің негізгі байқауында өткен болатын. Сонымен қатар,  картина алдыңғы жылы  Париждегі «L’Etrange Film Festival» және Индонезиядағы «NETPAC Asian Film Festival» кинофестивальдеріне қатысқан. Ал 2019 жылы Үндістанның «Bengaluru International Film Festival»-не қатысқан. 

Әділхан Ержанов – сценарист, кинорежиссер. 71-ші Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» бағдарламасына қатысқан («Әлемнің мейірімді енжарлығы», 2018). 40-шы Мәскеу халықаралық кинофестивалінің қатысушысы («Түн құдайы», 2018). 45-ші Роттердамдағы ХКФ NETPAC қазылар алқасының иегері («Қаратас ауылындағы оба», 2016), соныман қатар, көптеген халықаралық кинофестивальдердің лауреаты  және қатысушысы. Қазақстан Киносыншылар ассосциациясының тануы бойынша бірнеше рет «Үздік фильм», «Үздік режиссер» және «Үздік сценарий» атанған. Еуропалық Киноакадемияның мүшесі.

Т. Раушанұлы