Әке туралы 5 фильм

Маусым айының үшінші жексенбісінде бүкіл әлем әкелер күнін атап өтеді. Бұл күн ресми бекітілмегенімен, оны тойлайтындар саны жыл өткен сайын артып келеді. Осыған орай кино әлеміндегі әкелер тақырыбын қозғайтын 5 туынды ұсынып отырмыз.

Бақыт соңынан ергендер, 2006

"The Pursuit of Happyness" – 5 жасар баласы үшін жанын аямай еңбек ететін жалғызбасты әке туралы фильм. Сондай-ақ, бұл туынды – ұрпағының алдында үлгі болуға тырысамын деп адам сенгісіз жетістікке қол жеткізген адамның оқиғасы.  Басты рөлді сомдаған Уилл Смит  "Оскар" марапатына ұсынылған.

Армагеддон, 1998

90-жылдарда атақты болған  "Армагеддон" – Жерге алып астероидтың құлауы туралы ғана емес, сонымен қатар әкесі мен қызының қарым-қатынасы туралы фильм. Бір-бірін ұғына білу қасиетінің үлкен апаттан құтқара алатынын көрсетеді.

Өмір керемет, 1997

Канн кинофестивалінің Гран-приі, "Шетел тіліндегі ең үздік фильм" номинациясы бойынша "Оскарға" ұсынылу және BAFTA премиясынан "Үздік ер адам рөлі" номинациясын алу, және "Сезар" сыйлығы сынды беделді марапаттарға қол жеткізген  "Өмір керемет" траги-комедиясы ешкімді бей-жай қалдырмайды. Таспа Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде концлагерьге түскен азаматтың ұлына деген шексіз махаббатын "жырлайды".

Әкесымақтар, 1983

Жерар Депардье мен Пьер Ришар – кинематографтағы ең үйлесімді дуэттердің бірі Бұл француз комедиясын осы екі аңыз-актер үшін көруге болады. 

Васаби, 2001

"Васаби" – бұл комедия әрі криминалды драма. Басты рөлді Жан Рено сомдайды. Токиолық мафияға қарсы тұратын әке мен қыздың оқиғасы.