Лондонның атақты мұражайында «балауыз Бонд» тұр

Лондонның атақты мұражайында «балауыз Бонд» тұр

Лондонның атақты Тюссо мұражайына Дэниел Крэйг пен Джуди Денчтің балауыздан жасалған экспонаттары қойылды. Мұражайдың киноға арналған арнайы бұрышындағы кейіпкерлерге дәл кинодағы киімдер кигізілді, деп хабарлайды Visit Britain туризм басқармасы.     

Балауыздан жасалған Джеймс Бондқа қара көк смокинг «кигізген» атақты модельер Том Форд екен. Ал Джуди Денч ойнаған М атты кейіпкер Armani тіккен жағасыз қара жібек костюмде.  

Композицияны 007 логотипі мен тапанша толықтырып тұр. Крэйг пен Денч кинематография тарихындағы ең танымал кейіпкерлер – Мэрилин Монро («Жетінші жылдағы желігу» фильмі) мен кішкентай қаңғыбас рөліндегі Чарли Чаплиннің жанынан орын тепкен.   

«007: "Скайфолл" кординаттары» фильмі британдық және әлемдік кинотеатрларда осы жылдың қазан айының басында көрсетіле бастаған еді. Режиссері кинотанушы-сыншылардың оң бағасын алып үлгерген кинематограф - Сэм Мендес.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: ria.ru

А. Құлтай