Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Чернобыль апаты туралы сериал премьерасы болады

Чернобыль апаты туралы сериал премьерасы болады

Чернобыль апаты туралы сериал премьерасы болады

Атақты HBO телеканалы “Чернобыль” аталатын мини-сериал түсірді. Жобаның сценарисі мен атқарушы продюсері Крэйг Мазин жұмыста тек шынайы өмірде орын алған оқиғалар туралы деректер мен мәліметтер ғана пайдаланылғанын айтты. Премьера осы мамыр айына жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында 1986 жылы сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. Чернобыль апатының нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 шақырым жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді.

1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да тартылды. Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз қалып отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан төрт мыңдай адам қаза тапты деп хабарлады. Бірақ, ядролық энергия нысандарына қарсылық танытушылар 100 мың адам құрбан болды деп мәлімдеген еді. Бұл апат салдарын жоюға Қазақстаннан 35 мың адам тартылса, жалпы КСРО-дан 500 мыңға жуық адам шақырылған. 

АЭС апаттары 7 деңгеймен белгіленген INES шкаласымен өлшенеді. 4 және одан жоғары болған апаттар халық үшін сәулелену қаупін тудырады. Тарихта 2 апат қана 7 - деңгейге жеткен. Олар – Чернобыль мен Фукусимадағы АЭС апаттары.

0
Рейтинг: +0

Фото: vk.com
Қосылған күні: 08 мамыр, 09:28

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.