Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Cannes – 2019: Марапаттарды кім дайындайды?

Cannes – 2019: Марапаттарды кім дайындайды?

Cannes – 2019: Марапаттарды кім дайындайды?

Биылғы Канн фестивалінің ұйымдастырушылары негізгі жауапкершілікті Chopard брендінің зергерлеріне сеніп тапсырып отыр.

Олар тек үздік фильмге, сондай-ақ, үздік қысқа метражды фильмге арналған "Алтын пальма бұтағын" ғана емес, өзге де озық шыққандарға статуэтка дайындайтын болды. Яғни, үздік сценарий, әділқазылар алқасы таңдауы мен Гран-при де бар.  Осы жылдың үздік актер, актрисалары мен режиссерлері де Chopard жасаған марапаттарға ие болады.

Chopard зергерлік үйі жиырма жылдан астам уақыт бойы Канн фестивалінің ресми серіктесі болып келеді және олар марапаттарды осы күнге дейін дәстүрлі түрде даярлап келеді . Алтын пальма бұтағы дизайнын 1998 жылы аталған брендтің креативті директоры және президенті Каролина Шойфеле әзірледі. Марапаттар Chopard зергерлік үйінде Fairmined сертификатына сай этикалық алтыннан жасалады. Fairmined сертификаттау стандартына сәйкес, алтын өндіру еңбек жағдайлары (атап айтқанда, балалар еңбегін пайдалануға тыйым салу), әлеуметтік даму және экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты қатаң талаптарға сай болуы керек.

Ескеріңізге салайық, биыл Канн кинофестивалі мамырдың 14-і мен 25-і аралығында өтеді. Негізгі конкурстың қазылар алқасының төрағасы болып мексикалық режиссёр Алехандро Гонсалес Иньярриту тағайындалды.

0
Рейтинг: +0

Фото: vk.com
Қосылған күні: 08 мамыр, 13:12

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.