Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Титаниктен" басталған даңқ

"Титаниктен" басталған даңқ

Аңызға айналған лайнер – "Титаник" шексіз мұхит үстінде тербеліп тұр. Оның ішінде өмір қыз-қыз қайнап жатыр. Бір мекенге сапар шеккен түрлі тағдырлар арасында екі жүрек бір-бірін табады. Кемедегі бұл махаббат миллиондаған адамға әсер етіп, көз жасын көл қылды... Леонардо де Каприо, Кейт Уинслет, Билли Зейн… Иә, бұл естен кетпес махаббат тарихы мен актерлерді әлемге танытқан атақты фильм – "Титаник"! Оның "әкесі" Джеймс Кэмерон болса, осы фильм һәм онда ойнаған актерлер сынды әлемге танымал, тірі аңызға айналды.

©lasupic.pw

1954 жылы Канаданың Капускасинг қаласындағы инженер жанұясында болашақ режиссер өмірге келді. Джеймс солақай болса да сурет салғанды өте жақсы көрген. Бұл қасиет оған анасынан жұғыпты. Ержеткесін Калифорния университетінің физика факультетінің студенті атанады. Бірақ ол физиканы үйренгеннен фильм көргенді қатты ұнатады да сабаққа бармай қояды.

1978 жылы екі сыныптасымен бірге, өздерін кино саласында сынап көру мақсатында "New World Pictures" киностудиясы басшысы Роджер Корман көмегімен қысқаметражды фильм түсіреді. Бұл кезде фильм түсіру, атақ-даңққа бөлену оның басты мақсаты болады. Сондықтан отбасына көп көңіл бөлмей, жұбайымен арадағы неке бұзылады.

©24smi.org

Бір күні Кэмерон суық тиіп ауырып қалады. Науқас кезінде оған ғажайып идея келеді. Бастырылып жатып, түсінде көзі қызыл болып жанатын, өз пішінін өзгерте беретін әйелді көреді. Оянғасын оны қағазға сызып алады. Бұл болашақ "Терминатор" фильмінің сценарийі еді. Джеймс оны түсіру мақсатында көптеген режиссерлер мен кинокомпаниялардың есігін қағады. Бірақ ешкім сценарийге мән беріп қарамайды. Тек сценарийді оқыған продюсер (кейін жұбайы болған) Гэйл Энн Хёрд оған енді басқа режиссерлер, продюсерлермен кездеспеуін сұрайды да, болашақ фильмді бастау гонорары ретінде 1 доллар береді.

©kinopoisk.ru

1984 жылы атақты "Терминатор" ("The Terminator") фильмі экранға жол тартады. Кэмерон өзгеше жанрдағы фильмімен бәріне таңдай қаққызады. Осылай оған атақ пен ақшаның есіктері ашыла бастайды.

Алғашқы фильмнің табысы мен атағы режиссерге "Бөтен" ("Aliens", 1986 ж) "Шынайы өтірік" ("True Lies", 1994 ж) "Ғажайып күндер" (Strange Days", 1995 ж) "Терминатор 2"("Terminator 2: Judgment Day", 1991 ж) сынды бірнеше фильм түсіруге мүмкіндік береді. Режиссер аталған туындыларымен кино саласындағы өз қолтаңбасын қалдырғанымен, оған шын атақ пен абырой 1997 жылы түсірген "Титаник" фильмі арқылы келді. Бұл фильмнің шығармашылық тобы түрлі кинофестивальдерден жүлдегер атанады. Соның ішінде режиссер Джеймс Кэмерон "үздік монтаж", "үздік сценарий", "үздік режиссер" аталымдары бойынша  "Оскар" сыйлығын иеленеді.

©demonews3.yourok.ru

Бүгінге дейін әлем көрермендерінің жүрегінен мықтап орын алған фильм туралы жүздеген телешоу, телебағдарламалар түсірілді, мыңдаған мақалалар жазылды... Джеймс Кэмероннан бұрын да, кейін де ағылшындардың 1912 жылы суға кеткен "Титанигі" туралы 15-ке тарта фильм түсірілген екен. Бірақ ешқайсысы Кэмеронның туындысындай даңққа жетпеген.

Себебі  Кэмерон фильмінде адам жүрегінде және айналасында болатын барлық нәрсе: қиянат, сатқындық, екіжүзділік, нәпсі, батылдық, қорқыныш, әлбетте бәрінен мерейі үстем келетін мәңгілік махаббат бар... Режиссер һәм фильмнің сценарийсі Джеймс Кэмерон осы туындысмен адамзат жүрегіндегі жақсылық қылын шерте алған суреткер. Сонымен бірге, аталған фильм заманауи технологиялар жетістігін пайдаланудың ең жарқын мысалы ретінде режиссердің даңқына даңқ қосты.

Канаданың ұлттық батыры, Голливудтың жұлдызына айналған Кэмерон "Титаниктен" соң көркем фильмдер түсіруден шектеліп, біраз уақыт деректі фильмдер түсірді. Атағы "Титаниктен" кем болмаған "Аватар" картинасына дейін ол "Қара періште" ("Dark Angel", 2000 жылы), “Бисмарк экспедициясЫ” ("Expedition: Bismarck", 2002 жылы), "Шыңараудағы елес: Титаник" ("Ghosts of the Abyss", 2003 жылы), "Исаның жоғалған қабірі" ("The Lost Tomb of Jesus", 2007 жылы) т.б деректі фильмдер түсірді. 2009 жылы "Аватардың" шығуымен ол тағы бір кино саласындағы рекордқа қол жеткізді.

©thegolfclub.info

Шытырман-фантастикаға жанрындағы бұл фильмді түсіруді режиссер 1990 жылдарда-ақ бастаған екен. 1990 жылы сценарийін жазып оны 2006 жылы түсіруді бастаған. Түрлі себептермен көп жылдық еңбектің жемісі болған "Аватардың" премьерасы 2009 жылы желтоқсан айында Англия, Канада, Ресей мемлекеттерінде болып өтті. 2010 жылы фильм бес номинация бойынша "Оскар" сыйлығын иеленді. "Аватар" соңғы жылдары Голливуд кинокомпаниялары түсірген шытырмандар арасындағы түпнұсқа һәм визуал эффекттерге бай картина болды.

©YouTube

Режиссер соңғы сәтті туындысынан соң бірнеше фильмдерге продюсерлік еткенімен, кезекті картинасын жарыққа шығаруға асықпай жатыр. "Аватардың" жалғасы саналатын "Аватар 2" биыл, "Аватар 3" келесі жыл үлкен экранға жол алады деп күтілуде. Режиссер мұнымен тоқтап қалмай болашақта аталған фильмнің төртіншісін һәм бесіншісін түсіреді деген болжамдар бар.

0
Рейтинг: +0

Фото: Tvkinoradio
Қосылған күні: 12 наурыз, 12:25

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.