"Оскар — 2019": жеңімпаздар анықталды

"Оскар — 2019": жеңімпаздар анықталды

Кеше Лос-Анджелес қаласында "Оскар" статуэткасы табысталды. 91 жылдық тарихы бар аса беделді шарада Америкалық киноакадемияның таңдауына іліккендер марапатталды.   

10 аталым бойынша бақ сынаған Куаронның "Ромасы" үздік режиссура, үздік оператор жұмысы үшін бағаланды. Сондай-ақ, бастысы, "Үздік шетелдік фильм" атанды.

Үздік фильм ретінде Питер Фарреллидің "Жасыл кітабы" танылды. "Богемалық рапсодия" 4 "Оскар" иеленді, олардың бірі Рами Малекке "Үздік актер" аталымы бойынша табысталды. "Рома" секілді әлемді дүрліктіріп 10 номинацияға ұсынылған "Фаворитка" тек 1 "Оскар" алды. Басты рөлді сомдаған Оливия Колман "Үздік актриса" атанды. 

Сонымен, толық тізімге назар салыңыз:

Үздік фильм
"Жасыл кітап" (Green Book), режиссер Питер Фаррелли

Үздік режиссер
Альфонсо Куарон ("Рома") 

Үздік актер
Рами Малек ("Богемалық рапсодия")

Үздік актриса
Оливия Колман ("Фаворитка")

Екінші пландағы үздік актер
Махершала Али ("Жасыл кітап") 

Екінші пландағы үздік актриса
Реджина Кинг ("Бийл-стрит сөйлей алса ғой") 

Үздік оригинал сценарий
"Жасыл кітап" (Green Book), сценарий — Ник Валлелонга, Брайан Карри мен Питер Фаррелли 

Үздік адаптацияланған сценарий
"BlacKkKlansman"

Үздік анимациялық фильм
"Өрмекші адам: ғаламшарлар арқылы" (Spider-Man: Into the Spider-Verse)

Үздік шетелдік фильм
"Рома" (Roma), Мексика 

Үздік оператор
"Рома" (Roma) 

Үздік костюм
"Қара пантера" (Black Panther) 

Үздік грим
"Вице" (Vice)

Үздік музыка
"Қара Пантера" (Black Panther)

Үздік ән
Shallow ("Жұлдыз туылды")  

Үздік визуалды эффекттер
"Алғашқы адам" (First Man) 

Үздік деректі фильм
"Еркін соло" (Free Solo) 


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана