Журналистика туралы 5 фильм

Журналистика туралы 5 фильм
Фото: freepik.com

Сапалы білім беруге ұмытылатын мектепте кәсіптік бағдар бойынша маман болуы шарт. Өйткені, мектеп бітіруші түлектер мамандық таңдауда қиындыққа кезедседі. Олардың қабілетін, таланты мен арманын ұштастыра отырып, оларға кеңес беретін маман болады. Осындай сәтте кейде бағдарламаға оқушылар үшін қызықты болу үшін белгілі бір мамандық саласын толықтай түсіндіре алатын фильмдер мен кітаптар артық етпейді. 

Егер болашақта журналист ретінде қызмет атқарғың келсе, онда біз журналистік зерттеу, этика мен шабыт беретін фильмдер мен сериалдар топтамасын ұсынамыз. Әрине, кейде фильм желісі өмірдегі оқиғадан әлдеқайда алшақ болуы мүмкін, бірақ, сала туралы жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.

1. Жаңалықтар қызметі
Служба новостей (The Newsroom, 2012-2014)Картинки по запросу служба новостей сериалЖастар арасында тележурналистикаға қызушылардың саны әлдеқайда басым. Телеарналарда жұмыс істеу әдемі киініп, әдемі сөйлеп жарық экранға шығу ғана емес, оның артында мыңдаған жұмыс пен зерттеу болады. Бұл сериалда соның бәрі анық көрсетіледі. Әр маусым сайын сериал сапасы арта түседі: этика мәселесі, жаңалықтардың жан-жақты тексерістен өтуі, зерттеудің классикалық нұсқасы, инвесторлармен туатын қиындықтар, топтық жұмыс ұғымы. Осының бәрін бір сериалдан көре аласыз. 

2. Басты назарда
В центре внимания (Spotlight, 2015)Похожее изображение

Аса танымал емес The Boston Globe басылымының журналистері бастарынан кешкен шынайы оқиға негізінде түсірілген фильмді қарап отырып, журналистке керек қасиеттермен жақыннан таныса түсесіз. Оқиға желісі бойынша шіркеу қызметкерінің балаларға көрсеткен зорлығын дәлелдеу барысында туындайтын қиындықтар, құрбандықтар мен қоғамға қарсы күрес сипатталады.

3. Құпия құжат
Секретное досье (The Post, 2017)Картинки по запросу Секретное досье

Стивен Спилбергтің тағы бір ерекше туындысы. Ал, басты рөлдерді сомдаған снял, Мэрил Стрип пен Том Хэнкс Вашингтон Пост басылымында вьетнам соғысы жөнінде әскери құжаттарды зерттеу жұмысымен айналысады.
Фильм сөз еркіндігі мен басылым болашағына әсер ететін ең ауыр шешім жөнінде болмақ.

4. Бесінші билік
Пятая власть (The Fifth Estate, 2013)Картинки по запросу Пятая власть

Шерлокті сомдаған Бенедикт Камбербэтч бұл фильмде Джулиан Ассанж рөліне енеді. Бұл фильм де шынайы оқиға негізінде түсірілген: WikiLeaks интернет-компания ең ірі БАҚ өкілдерін басып озып, құпия құжаттарды жария етеді. Фильмде жаңа заман ұсынатын мүмкіндіктер сөз етіледі. Одан бөлек, бұл қадамға барған адамдардың жасаған ісі үшін төлейтін құны да назардан тыс қалмайды: бірі өмірімен, бірі еркіндігімен...

4. Генриетта Лакстің мәңгілік өмірі
Бессмертная жизнь Генриетты Лакс (The Immortal life of Henrietta Lacks, 2017)Картинки по запросу Бессмертная жизнь Генриетты Лакс

Фильм дәл осындай атаумен жарық көрген кітап негізінде түсірілген. 20-ғасырдағы медицинаға әсер еткен зерттеу жұмыстары негізінде түсірілген. Ал, журналист зерттеу жұмысына 10 жылға жуық уақытын жұмсаған. Фильм ешқашан берілмеуге үйретеді. 

Т. Есқали