Disney: "Арыстан патшаға" ремейк түсірілді

Disney: "Арыстан патшаға" ремейк түсірілді
Фото: vk.com

Disney студиясы әлеуметтік желілерге "Арыстан патшамультфильміне түсірген ремейктің трейлерін жүктелеген болатын.

Сол бейнебаян бірден рекордтты жаңартты. Алғашқы 24 сағат ішінде 224,6 миллион рет қаралған. Бұл Disney компаниясы үшін абсолютті рекорд болып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа туындыда Симбаны Дональд Гловер, Наланы Бейонсе, Шрамды Чиветел Эджиофор, Муфасуды Джеймс Эрл Джонс дыбыстаса, Билли Айкнер мен Сет Роген сынды өнерпаздар Тимон мен Пумбаның тілімен сөйлейді. Картина премьерасы 2019 жылдың 19 шілдесіне жоспарланған.

 

А. Оралқызы