ТОП-5: “Netflix” ұсынған үздік сериалдар

ТОП-5: “Netflix” ұсынған үздік сериалдар
Фото: hotcountry1035.com

Netflix — қызықты фильмдерді түсіріп, кейін желіге жүктейтін әлемдегі ірі компаниялардың бірі. Компанияның басты ерекшелігі және өз көрермендеріне деген тағы бір тартымды қызметі —  премьера күнінде барлық серияны желіге бірден салуы. Сондықтан, көрпеге оранып, қасыңызға бір табақ тәтті қойып ұзақ сағатқа сериалдар әлеміне саяхаттауға мүмкіндік алыңыз.  

Қара айна
Black Mirror, 2011 — бүгінге дейін

Netflix
Өмірімізді технологиясыз елестету мүмкін емес. Соңғы 10 жылда оның даму қарқыны жетілгені соншалықты, қазір күн сайын жаңа гаджет пен бағдарламалардың жиынтығын байқаймыз. Бізге мәселемізді жақынымызға айтқаннан гөрі, фейсбукте талқылаған ыңғайлы. “Қара айна” сериалында өмірлеріне қиындық пен мұң әкелсе де, бас тарта алмайтын технологиялар әлемін сипаттайды.
Сериалда адамның мінсіздікке ұмтылуының әсерінен туындайтын мәселелер көрсетіледі.  

Карта-үй
House of Cards, 2013 — бүгінге дейін

Netflix
Басты кейіпкер Фрэнсис Андервуд – беделді конгрессмендердің бірі. Ол ақылды, өзіне не керек екенін жақсы біледі. Гаррет Уокер атты кейіпкерге президент болуы үшін көмектеседі. Әрине, тегін емес, өтемі – мемлекеттік хатшы қызметіне ауысу. Дегенмен, сайлаудан соң Фрэнсис Гаррет үшін құнсыз қызметкер болып қалады. Кек алу мақсатында ол жоспар құра бастады. Оған оның адал жары Клэр көмекке келеді.  Сериал тек бақылып қана қоймай, әр әрекеттің артында не жасырулы тұрғанын анықтау мақсатында ойландырады.

13 себеп
13 Reasons Why, 2017 — 2018

netflix

Клэй Дженсен атты мектеп оқушысы үйінің табалдырығынан аудиокассета салынған қорап тауып алады. Ол аудиокассетаның барлығы жақында суицид кесірінен қаза тапқан құрбысы Ханнаға тиесілі еді. Ханна бұл жазбалар арқылы өзін өлімге итермелеген 13 себепті жіпке тізгендей айтып береді. Олардың арасында Клэй де бар.
Сериал сюжеті мен идеясы жағынан өте ауыр. Дегенмен, өмір туралы тұжырым жасап, оған өзге көзқараспен қарауды үйретеді. 

Біртүрлі оқиға
Stranger Things, 2016 — 2018

Netflix

80–жылдары шағын қалашықта Уилл есімді бала жоғалып кетеді. Оның достары, бауырлары оған не болғанын білмей дал болады. Дегенмен, бірлесе шешім қабылдап оны қалайда табуға аттанады. Оның ең жақын досы Майк тәуелсіз түрде зерттеу жүргізеді. Жұмбақтың шешімін табуға жақындаған сайын мистикаға толы оқиғалар көбейе түседі. 
Басты кейіпкерлердің балалар екендігіне қарамастан, мистикалық сериал бар назарыңызды еріксіз аударып алады. 

Сегізінші сезім
Sense 8, 2015–2018

Netflix

Бұл сериал әлемнің әртүрлі елінде, қаласында тұратын 8 кейіпкер туралы. Олар – түрлі тілде сөйлейді, түрлі мәдени ортаның адамдары. Дегенмен, оларды байланыстыратын бір ғана нәрсе бар, ол – ой. Олар бір-бірінің эмоциясын сезіп, бір-біріне көмектесіп, бір-бірінің дағдыларын қолдана алады. Сонымен қатар, оларды мына әлемге қауіпті санайтын белгісіз адамдар аңдып жүр. Енді олар бірігіп, бұл қауіппен күресуі тиіс.  
Сериал сізді соңына дейін өзінің жұмбақтығымен баурап алатыны анық.

Осы уақытқа дейін қай сериалды көрдіңіз? 

Т. Есқали