Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Атақты басылымдар қазақ режиссерінің талантына тәнті болды

Атақты басылымдар қазақ режиссерінің талантына тәнті болды

Атақты басылымдар қазақ режиссерінің талантына тәнті болды

Эмир Байғазин түсірген "Өзен" ("Река") фильмі 75-ші Венеция кинофестивалінің "Көкжиектер" (Горизонты) бағдарламасында "Үздік режиссер" жүлдесін жеңіп алды. 

Фильмнің әлемдік тұсаукесерінен кейін Батыстың әлемге әйгілі басылымдары "Өзен" фильмі туралы жарыса жазып, оң пікірлерін білдіріп жатты: 

Hollywood Reporter: 

Эмир Байғазиннің стилін фильмнің әр кадрынан байқауға болады. Композициясы өте үйлесімді, оның образдар үйдің интерьерінде, ауылдық экстерьерінде, тіпті экспансивті сұлу табиғат аясында өте орынды. Режиссер алғаш рет фильмнің қоюшы операторы ретінде бақ сынады. Картинаның кең кадрлары кеңістіктің динамика көзқарасымен қарағанда шебер түсірілген, ал кейіпкерлер шынайы сомдаған. Камераның қозғалуы да аз.

"Өзен" - арт-хаустан тыс жұмбаққа толы саяхаттың оғаш және тартымды образы. Визуалды жағынан өте керемет және гуманистік зерттеулерге де бай туынды. 

Screen Daily

Режиссер Эмир Байғазиннің Аслан туралы трилогиясының ("Уроки гармонии", 2013, және "Раненый ангел", 2016) соңғы бөлімі – "Өзен" фильмі қысым көрсету мен босатылудың оқиғасын баяндайтын, көрерменнің көңілін арбайтын фильм. Тәуекелге бел буып, еркін ойлайтын авторлық кино дистрибьюторларын шақыратын ұстамды және қатал мінезді туынды.

Эмир Байғазиннің кинематографиялық стилінде жеке бостандық, еліктіру және отбасы қарым-қатынастары сұрақтарын зерттейтін баяндаудың жасырын мағынасы бар. 

Cineuropa

"Өзен" фильмі "Көкжиектер" бағдарламасындағы ең визуалды экстровагантты туынды. Бұл фильм Эмир Байғазинді батыл авторлық режиссер екенін тағы да дәлелдей түсті.

Сценарист, режиссер Эмир Байғазин өзін алғаш рет қоюшы оператор ретінде таныстырып отыр. Оның қолында камера композицияны ерекше сезіп,  әлемді аса құрметтеп сыйлайтын визуалды құралға айналады. Фильмнің образы – шынайы өмір мен мифология әлемнің арасында оқиға тәрізді. Батыс өркениетінен, заманауи технологиялар мен поп-мәдениетінен алшақ дәстүрлі өмірге қол сұққан бүгінгі көрініс. 

Nonsolocinema

Эмир Байғазин жас актерлармен тамаша жұмысын тағы да көрсете алды. Экранда өмірдің шынайлығын батыл көрсете білді. Ағайындылардың тартымды образдары, сондай-ақ Қанаттың бейнесі Орталық Азия кино тарихында қалатыны сөзсіз. 

NOW

Бес ағайындының өмірі туралы ерекше көзқараста түсірілген фильм көрерменнің шыдамдылығын тексереді. Осы жарқын образдар туралы ойлауға мәжбүрлейтін бұл фильмде өткір тілділікті, саяси аллегорияны көріп таң қалатыныңыз ғажап емес. 

Cinemascope

Эмир Байғазин –  сезімталдылық пен сабырлылық сақтайтын режиссер. Режиссер трилогияның барлық атмосферасын және ритмін анықтайтын үшінші бөлімін ұсынды. 

IONCINEMA

Эмир Байғазин көне дәстүрлердің заманауи әлеммен қақтығысының портретін ашып беріп отыр. Байғазин бұл фильмде қоюшы оператор ретінде де атсалысып, өзен әлемін қашу туралы дастанның таныстырылым ретінде көрсетті.  

Cinematografo

"Өзен" көрерменді магия мен реализм арбап, метафизикалық әлемге ауыстырады. Шынайы көркем түсірілген фильм. 

Естеріңізге сала кетсек, Эмир Байғазиннің алғашқы дебюттік жұмысы "Асланның сабақтары" фильмі Қазақ кинематографиясы тарихында тұңғыш рет 63-ші Берлин кинофестивалінің негізгі байқауына іріктелініп, "Үздік оператор" номинациясында "Күміс аю" жүлдесімен марапатталды (2013). Трилогияның екінші бөлімі – "Төрт оқиға" фильмі де Берлин кинофестивалінің Panorama Special бағдарламасы шеңберінде алғаш көрсетілді (2016). 2018 жылы тамыз айында Эмир Байғазин Румынияда өткен Anonimul кинофестивалінде "Кино саласының дамуына қосқан үлесі үшін" арнайы жүлдесімен марапатталды. Айта кетсек, осы фестиваль шеңберінде режиссердің ақ-қара түсте түсірілген "Жұлдыздарды көргіңіз келе ме?" фильмінің тұсаукесері өткен болатын.

1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 12 қыркүйек, 12:22
Пікірлер
+1
12 қыркүйек, 14:19

Эмир мықты

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.